Шымкент және Ұлы жібек жолы

2022_08_24_55.jpg 

Шымкенттің көне орны «Шымқала» тарихи мәдени кешенгі аумағынан  2007-2008 жылдары жүргізілген қазба кезінде моңғол шапқыншылығы кезеңінен кейінгі Шағатай кезіндегі артефактілер табылған. Соның бірі тандыр пеш, Тандыр – күйдірілген қызыл саз балшықтан жасалған. Қабырғасының қалыңдығы 1,5 см. тандырдың биіктігі 70 см және ішкі беті тік және ирек сызықтардың кезектесуі арқылы өрнектелген. Тандырдың түбінен үш жақтаулы темір жебе ұшы табылған, сонымен қатар керамикалық бұйымдар табылған.

Сонымен қатар қалашықтан Ұлы жібек жолына тиесілі материалдар да табылды Қытайға, Арабтарға тиесілі нумизматикалық материалдар, сондай-ақ Риштан-Ферғанада, Самарқандта жасалған керамикалық бұйымдар табылды.

         Кешен аумағында хауыз – жасанды су  тоғаны бар.   Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері бойынша бекіністе хауз болғандығы белгілі болды. Алынған мәліметтерге сәйкес, оның формасы сегізбұрышқа жақын болды. Хауыз цитадельдің жанындағы бекіністің негізгі алаңында орналасқан. Хауыз құрылысы импровизацияланған материалдардан жасалған болуы мүмкін: ескі кірпіш немесе қара тастарды төсеу арқылы жасалған.

Бұл гидротехникалық құрылым әртүрлі мақсаттарда пайдаланылды: ауыз су қоры ретінде, өрт сөндіру жағдайында, сондай-ақ шахристан тұрғындарының серуендейтін орны болған.

Барлық бекіністерде,  қоршау болған жағдайда су жинауға арналған су қоймалары болған. Хауызды сумен  қамту Қошқар ата өзенінен қалашықтың  шығыс  жағынан құбырлармен жасанды арық салу арқылы  жүзеге асырылған. 

Сауда қала дамуының маңызды факторларының бірі болды. Қалада үш негізгі бағыт біріктірілді: елдер арасындағы тауар айналымы, қолөнер және ауыл шаруашылығы, қала мен көшпелі дала арасындағы алыс-беріс. Ұлы Жібек жолы Қазақстанның оңтүстігінен Жетісу арқылы өткен. Ол  Суяб, Тараз және Испиджаб қалалары арқылы өткендігі белгілі. Көшпелілермен алмасу саудасы үлкен және шекаралас қалаларда - Испиджаб, Отырар, Дех-Нужикесте өткен жәрмеңкелерде жүзеге асырылды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • Шымкенттің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті бекітілді
  • Соңғы 3 жылда Шымкент экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • Студенттер зауыт жұмысымен танысты
  • Жұмысшы мамандықтар жылы: еңбек адамын дәріптеген маңызды кезең
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер