Шымкент: «Адаспа» атты театрландырылған көрсетілім өтті

20.jpg 

Жастарды керағар ағымдардың қаупінен сақтандырудың маңызы зор. Ал сақтандырудың жолы оларды дін туралы дұрыс ақпараттармен қамтамасыз ету.

Осы мақсатта Шымкенттегі Жастар ресурстық орталығының ғимаратында Шымкент қаласының Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында «Адаспа» атты театрландырылған көрсетілім өтті. Бұл туралы Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

Көрсетілімді тамашалауға қаламыздың жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастары қатысты.

«Адаспа» театрландырылған көрсетілімде жат ағымның жетегіне кетіп, өз істеріне өкінетін жастар жөнінде сахналық қойылым сюжеттелді.

Сондай-ақ, Жастар ресурстық орталығының психологы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан колледжінің жастар арасында “Жастарды отбасылы өмірге дайындау” тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Мақсаты - жастарды саналы отбасылық некелі өмірге дайындау, саналы көзқарас қалыптастырып, дұрыс бағыт-бағдар беру, ойланбай қарым-қатынасқа түсудің алдын алу.

Семинар-тренингте отбасы құндылықтары жөнінде кеңінен сөз етіліп, қыз бен ұл баласының отбасындағы рөліне тоқталды. Сондай-ақ, отбасы мен бала тәрбиелеудегі ата- ана рөлін қалыптастыратын бірнеше кеңестерге тоқталды.

Семинар-тренинг соңында, жастармен кері байланыс орнатылды.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер