Шымкент: Кластарге басымдық берілуде

2.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда халыққа арнаған Жолдауында:

«Алдымызда тағы бір өте маңызды міндет тұр. Біз агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керек. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз. Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет. Бұл салада ірі компаниялар көбірек болса, нақты серпіліс жасауға болады», - деген болатын. Осы мақсатта Шымкент қаласында бірқатар тың жобалдар қолға алынуда.

Биыл Шымкентте 260 жұмыс орнын құруға бағытталған 16 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Осыған дейін сүтті қайта өңдеуге бағытталған 3 кәсіпорын, 4 мал бордақылау алаңы, 3 сүт фермасы және жылыжай кешені іске қосылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл қаламызда кластерлік жобаларды дамытуға басымдық берілген. Жаңа жобалар ірі кәсіпорындардың қуаттылығын арттырып, қала халқын азық-түлікпен қамту мәселесін шешуге және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері қалада құлпынай, ащы бұрыш, көкөніс, мал бордақылау, бал ара және балық шаруашылығына бағытталған 78 кластерлі жоба құрылған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер