Шымкентте «Арманда» форумы өтті

4.jpg 

 Шымкентте «Арманда» бизнес форумы өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиында медиаменеджер Арман Давлетяров, белгілі дінтанушы, Нұрлан Байжігітұлы, журналист Ләйлә Сұлтанқызы, белгілі продюсер Жан Мұқанов бизнес түрлерін меңгерудің тың тәсілдерімен қоса отбасылық құндылықтарды сақтау, жастардың рухани дамуы тақырыптарында сөз қозғады.

Пікірталас алаңында бренд қалыптастыру, нарықта сұранысқа ие бизнес түрлерін игеру, бәсекеге қабілетті өнім өндіру мәселелерінде түрлі кеңестер айтылды. Басқосуда кәсіпкерлікті дамытуда мегаполистің мүмкіндіктері мен инновациялық жобаларды тиімді жүзеге асыру тетіктері қарастырылды.

Сондай-ақ форум спикерлері қала аумағындағы әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандарды аралап, жергілікті зауыт-фарбрикалардың тыныс-тіршілігімен танысады. Сонымен қатар қала жастарымен кездесіп, кәсіпке баулу тетіктері бойынша шеберлік сабақтарын өтеді.

Алдағы уақытта мұндай форумдар еліміздің өзге де қалаларында жалғасады.

Айта кетері, биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 129 600-ге жеткен. Оның ішінде 20 800-і заңды тұлғалар болса, 102 900-і жеке тұлғалар екен. Ал, қалған 5 800-і – шаруа қожалықтары. Бұл көрсеткіштер өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 42,4 пайызға артқан. әсіпкерлердің саны ғана емес, бұл секторда жұмыс істейтін адамдар мен олар өндірген өнімнің көлемі де артып келеді. Атап айтар болсақ, 2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Шымкент қаласында шағын және орта бизнес секторында 213 мың 700 адам жұмыспен қамтылған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 188 пайызға артып отыр. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер