Шымкентте заманауи жылыжай салынуда

14.jpg 

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қайнарбұлақ елдімекеніндегі жылыжай кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«OtanAgro» ЖШС өнеркәсіптік нысанның құрылысы өткен жылы басталған. Жобаның жалпы инвестициялық көлемі 700 млн теңгені құрайды. Алдағы уақытта жылына 380—500 тонна құлпынай өндіреді. Өнімді ішкі нарық айналымына және көрші елдерге экспорттауды жоспарлап отыр.

Заманауи технологиямен салынып жатқан жылыжайда 30-дан астам жаңа жұмыс орны ашылып, жергілікті елдімекен тұрғындарын қамту көзделген. Тамшылатып суғару жүйесі қалыптастырылған кешенде осы жылдың желтоқсан айында қызанақ пен қияр егілмек.

Жемісін қаңтар-ақпан айларында алып, сатылымға шығарады. Отандық өнімнің бағасы қолжетімді болады.

Аталған жылыжайдың көлемі — 2 гектар. Алдағы уақытта аумағын тағы 2 гектарға ұлғайтып, екіншісін салу жоспарланған. Кешеннің инвестициялық құны шамамен 400—500 млн теңге болады.

Жылыжайдың жай-күйімен танысқан қала әкімі отандық өнімді дамыта түсу керектігін алға тартып, әрдайым қолдайтынын жеткізді.

 Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметі бойынша бүгінде қала аумағында мемлекеттік қолдауға ие болып отырған «Ифтихари» шаруа қожалығындағы жылыжай кешені жылына 500 тонна өнім алып отыр. Аумағы 2 гектар жылыжайда қазір қызанақ теру маусымы жүріп жатыр. Жұмысшылар қызарған өнімді қораптарға жинап, солтүстік өңірлерге жөнелтпек.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер