"Көне қала тарихы сыр шертеді»

22.jpeg 

Шымкенттің 2200 жылдық тарихын зерттеуге үлес қосқан археолог, тарихшы, шежіреші және архив, музей саласының білікті мамандарының қатысуымен “Шым қала” тарихи-мәдени кешенінің 2 жылдығына арналған "Көне қала тарихы сыр шертеді» атты ғылыми-әдістемелік дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел отырысында кешенде атқарылған тарихи-мәдени шараларға қорытынды жасалып, 2023 жылы Ескі қалашықта жүргізілетін қазба жұмыстарымен жөндеу жұмыстарының жоспары талқыланып, ғылыми жинақтау және бұқаралық жұмыстарды жетілдіру үшін кәсіби мамандармен бірлесіп “Ғылыми әдістемелік кеңес” құру жоспарланды.

Ескі қалашықта заманауи үлгідегі Шымкенттің тарихын айқындайтын көп қабатты музей салу, жаңа экспозиция залдарын жасақтау, музей қызметкерлерінің біліктілігін арттыру негізінде музейді дамыған туристтік аймаққа айналдыру мәселелері қаралды.

Кешеннің тарихының зерттелуі мен ашылуына елеулі үлес қосқан біртуар азаматтардың өнегелі өмірі мен елеулі еңбектерін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында жеке заттарымен жазба еңбектері кешен қорына сыйға алынды.

Көне Шымқаланың санғасырлық тарихын ашып, экспозиция залдарын құнды жәдігерлер және тарихи деректі құжаттар негізінде қайта толықтырып, сыры ашылмаған тарих беттерін насихаттау үшін өлкеміздің архив мамандарының өзге елдердің архивтерінен арнайы әкелген тың тарихи құжаттары кешен қорына тапсырылды.

2021 жылы “Шым қала” тарихи-мәдени кешенінің ашылуы, қазіргі таңда Мегаполистегі туризмнің дамуына негіз болды. Шымкенттің 2200 жылдық тарихы айқындалған «Ескі қалашық» туристердің саны күннен күнге артқан, мақтана айтатын туристік нысанға айналды. Кешенде атқарылып жатқан тарихи-мәдени шаралар мен қамалдың танымалдығының артуы аталған кешен қызметкерлерінің қыруар еңбегінің нәтижесі.

-2024 жылға атқаратын жоспар да аз емес. Негізгі мақсатымыз археологиялық аймақтар мен музейлерді қайта жөндеуден өткізу және археологиялық қазба жұмысын жалғастырып, қалашықтың тарихын терең зерттеу арқылы жаңа қырынан таныту,-дейді “Шым қала” тарихи-мәдени кешенінің ұжымы.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер