Шымкентте ауыл шаруашылығының әлеуеті артып келеді

23.jpg 

 Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы БАҚ өкілдері үшін қайта өңдеуші кәсіпорындар, жылыжай кешені, мал бордақылайтын шаруашылықтарға баспасөз турын ұйымдастырды. Бұл туралы «Шымкент келбеті» басылымы хабарлады. 

Қала аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуші 50-ден астам кәсіпорын бар. Бұл кәсіпорындар жыл басынан бері 50 мың тонна сүтті қайта өңдеп, 500 тонна сары май, 3 000 тонна қатты ірімшік өндірген. Мемлекеттік қолдаудың арқасында мұндай қайта өңдеуші өндіріс орындарының қуаттылығы артып келеді. «INTERMILK KAZAKHSTAN» ЖШС —жылдан жылға өнім көлемін арттырып отырған кәсіпорынның бірі. Бүгінде 25 адамды жұмыспен қамтып отырған өндіріс орнында күніне 15 тонна сүт қайта өңделіп, одан 1,5 тонна құрт, ірімшік, сарымай, қаймақ, сүзбе секілді өнімдер алынады.

Мемлекеттік қолдауға ие болып отырған «Ифтихари» шаруа қожалығындағы жылыжай кешені жылына 500 тонна өнім алып отыр. Аумағы 2 гектар жылыжайда қазір қызанақ теру маусымы жүріп жатыр. Жұмысшылар қызарған өнімді қораптарға жинап, солтүстік өңірлерге жөнелтпек.

Ал, «Алтынсай» шаруа қожалығында бүгінде 1000 бас жылқы мен 1000 бас ірі қара бар. Бұған қоса адам ағзасына өте пайдалы, түрлі ауруларға шипа болған бөдене құсын асырауда. Қазіргі таңда 40 мың бөденеден жұмыртқасы мен етін қала аумағында көршілес облыстар мен Астана қаласына дейін жеткізеді. Бұған қоса, шаруашылықта жылына 650 тонна жылқы еті және 750 тонна ірі қара мал еті өндіріледі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер