Фосфоршылар мәдениет үйі Жастар сарайына айналады

25.jpg 

Шымкенттегі Фосфоршылар мәдениет үйі жастар сарайына айналады. Бұл туралы шаhар басшысы Ғабит Сыздықбеков өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында хабарлады. "Шымкент қаласында бірнеше жылдан бері қараусыз бос тұрған «Фосфоршылар» мәдениет үйі ғимараты «Дархан групп» серіктестігінің меншігінде болған.

Шымкент қаласының әкімдігі қалалық прокуратура мен мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірлесіп, мәдениет үйін қаланың коммуналдық меншігіне қабылдау бойынша алгоритм әзірлеп, ағымдағы жылдың 13 қарашасы күні «Фосфоршылар» мәдениет үйін қаланың коммуналдық меншігіне қайтару бойынша келісімге қол жеткізілді. Ары қарай ғимаратты көпфункционалды Жастар сарайы ретінде қайта қалпына келтіру және аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады. «Фосфоршылар» сарайы қаланың ең көрікті жерлерінің біріне айналатынына және халық игілігіне қызмет ететініне сенімдімін"-деп жазған қала басшысы.

Қыркүйекте Фосфоршылар сарайының бүгінгі аянышты халін қала әкіміне Әл-Фараби ауданының тұрғындары кездесуде айтқан болатын.  Қариялардың уәжінен соң Ғабит Сыздықбеков аталған нысанға барып,  жағдайымен танысты.

 Осыған дейін қала әкімдігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен серіктестіктің жарғылық капиталынан «Фосфоршылар» сарайын мүлік ретінде бөліп шығарып, коммуналдық меншікке беру туралы ұсынысын жолдаған. Аталған мәселе бойынша құзырлы органдар тиісті жұмыстар жүргізді. Қала басшысы жауаптыларға осы бағыттағы кешенді шараларды заң шеңберінде жүргізіп, ғимаратты елдің игілігіне пайдалану бойынша нақты тапсырмалар берген болатын.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер