Көрермендер «Тор» қойылымын тамашалады

26.jpg 

Шымкент қаласы  Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент аграрлық-техникалық колледжінің жастары арасында «Деструктивті діни ағымдардың кері ықпалы» тақырыбында кездесу өтті. Оған Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Тілләбек Саян қатысты. Бұл туралы «Шымкент келбеті» басылымы хабарлады.

Жиынның мақсаты - жастарды деструктивті діни идеологияның ықпалынан сақтау, дін мен дәстүрімізді жаңғырту болып табылады.

- Дәстүрлі дінге жат ағымдардың ұстанымдары жөнінде әлемдік ақпарат көздерінде кеңінен насихатталып келеді. Дегенмен, жат ағымның жетегіне кетіп, бармақ шайнап жатқандар да баршылық. Өздеріңізбен жүздесудегі басты мақсатта осы. Дінге қатысты қандайда сұрақтар болса, қашанда жауап беруге дайынбыз, - деді теолог маман.

Сонымен қатар, сала қызметкерлері діни ағымдарға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, Діни басқарма жанындағы Діни оңалту бөлімінің мамандарына немесе жалпы мешіт имамдарына хабарласуға шақырды.

Бүгінде теріс діни ағымдармен күрес, олардың алдын алу – өзекті мәселенің бірі. Шымкент қаласы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде қарашаның 15-16 күндері театрландырылған көрсетілімдер ұйымдастыру жоспарланған болатын.

Осы жоба аясында Сайрам тұрғын алабындағы қалалық өзбек драма театрында теріс діни ағымдардың зардабын түсіндіру, тұрғындар арасында діни иммунитетті қалыптастыру мақсатында тағылымды іс-шара өтті. Онда «Қазақ шыңы» қоғамдық бірлестігі дайындаған «ТОР» (өзбекше «Қафас») тақырыбындағы қойылым көпшілік назарына ұсынылды. Қойылымды тамашалауға тұрғындар мен колледж студенттері, жалпы 350-ден астам көрермен жиналды.

Шымкент қаласы дін істері басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Ғалымжан Сарманов мұндай іс-шаралардың маңызы зор екенін, алда мұндай тағылымды іс-шаралар жалғасын табатынын атап өтті. Театрландырылған көрсетілім түрлі жат ағымдардан аулақ болуға үндейді. Спектакльде әлеуметтік желілерден радикалды уағызшылардың ықпалына түскен азаматтың басынан кешкен оқиғалары баяндалады.

Қоғамдық бірлестік өкілдерінің айтуынша, «ТОР» қойылымы болған оқиға желісі бойынша дайындалған. Айта кетсек, көпшілікке ой салған көрсетілім ертең де тұрғындарға ұсынылады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер