Шымкент: Елдімекендер ауыз сумен толық қамтылады

2021_07_11_201027112432598a3711249i.jpg 

Шымкент қаласының Еңбекші ауданында былтыр ауыз сумен қамту көрсеткіші 94,5% құраған. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек айтты.

Биыл Шымкент қаласына қосылған 7 елді мекеннің 3724 абонентіне ауыз су құбырларын тарту жұмыстарын толығымен аяқтау жоспарлануда.

2023 жылдың қорытындысымен халық шоғырланған аумақтар толық ауыз сумен қамтылады. Ал жаңақұрылыс аумақтарды 2024-2025 жылдары 100 пайыз ауыз сумен қамту жоспарланған.

Бүгінде Еңбекші ауданында табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші 90,7% құрайды. Оның ішінде: мемлекеттік жүйеде 81,8%, жекеменшік жүйедегі 8,9%-ды құрайды.  Қамтылмаған 9,3%-ды мемлекеттік жүйемен қамту 2024-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарына енгізілді.

Оңтүстік, Қарабастау, Жұлдыз, Жалын, Қаратөбе тұрғын алабтары  жаңақұрылыс аймағындағы 3739 абонентке жобалау-сметалық құжат «Бірлестік» және «SK BEST SPREC STORY KZ» ЖШС-тері әзірлеп, сараптананың оң қорытындысы алынды. 2024 жылға бюджеттік өтінім ұсынылады. Жалпы аудан бойынша 2025 жылдың қорытындысымен жаңақұрылыс аймақтарындағы қамтылмаған 12,8%-ды құрайтын 5992 абонентті табиғи газбен қамтып, қамту көрсеткішін 100%-ға жеткізу жоспарланған.

Еңбекші ауданы бойынша кәріз жүйесімен қамтылу жағдайы 41%-ды құрайды. Бүгінде аудан аумағында «Ұлағат» шағынауданында кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, қазылған жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Жұлдыз тұрғын алабындағы көпқабатты 27 үйді кәріз жүйесімен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда нысан құрылысы аяқталып, пәтер иелері абоненттеу жұмыстарын жүргізді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер