Шымкенттің әкімі циркке қатысты мәселені шешуді тапсырды

31.jpg 

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жауаптылармен бірге «Шымкент циркте» болып, ғимараттың қазіргі ахуалымен танысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Циркке жылына 90-100 мың көрермен келеді. Бүгінде шығармашылық ұжымның репертуар қорында 22 бағдарлама бар.

Штаттағы 11 бөлімде 55 әртіс, 22 эстрадалық оркестр, 10 музыка және жарықпен сүйемелдеуші, өзге де техникалық қызметкерлер жұмыс істейді.

Қала әкімі сала басшыларына ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуге кедергі болып отырған 3,1 гектар жер телімін пайдалану құқығына қатысты өзекті мәселелерді тез арада шешу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Айта кетейік, Шымкент қаласында типтік жобада салынған 1200 орынды «Шымкент Цирк» мекемесі 2011 жылғы 17 желтоқсанда ашылып, ел игілігіне берілген болатын. 2018 жылдың 19-маусымында Шымкент қаласының құрамына өтті. Цирк өнерін насихаттау, алыс-жақын жерлерде халыққа көңіл-күй сыйлау мақсатында 800 орынды жылжымалы Шапито циркі жұмыс жасауда. Шымкент-Циркі он екі жылдың ішінде бірқатар жетістіктерге де жетті. Мысалы, 2012 жылы «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк фестиваліне қатысып, «Файер шоу» бойынша ІІІ-орынды иемденген болатын. 2015 жылы «Шабыт» ХVIIІ халықаралық шығармашыл жастар фестивалінен «Мачта» І-орынды алды, 2016 жылы «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк фестивалінен «Канат» ІІ-орынды, 2016 жылы Ш.Қалдаяқов атындағы VII «Менің Қазақстаным» ән байқауының І-орын жүлдегері - Д.Хашимханова, 2016 жылы Қытай Халық Республикасы Хэнань провинциясының Лоян қаласында өткен ІІІ акробатикалық фестивалінде О.Касаткиннің жетекшілігіндегі әуе акробаттары І-орынды иемденген. Осы сынды түрлі байқаулар мен жарыстарда цирк өнерпаздары өнер көрсетіп Шымкент қаласының мәртебесін көтеруге ықпал етіп келеді.   


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер