Шымкентте жиһаз шығаратын бірегей кесіпорын жұмыс істейді

34.jpg 

Шымкентте отандық өнеркәсіпті дамыту, оның танымалдылығын арттыру бағытындағы «Отандық өндіріс» медиа-жобасы аясында баспасөз туры ұйымдастырылды. Бұл туралы «Шымкент келбеті» газеті хабарлады.

Іс-шара барысында БАҚ өкілдері «Тассай» индустриялық аймағындағы жиһаз өндіруге маманданған «Mega SMART» ЖШС-ның жұмыс барысымен танысты.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Шымкент қаласының әкімдігі отандық өнеркәсіпті танымал ету және қазақстандық тауарлардың имиджін арттыру мақсатында бірлескен «Отандық өндіріс» медиа-жобасын іске қосқан болатын. Жоба еліміздің өнеркәсіптік кәсіпорындарының оң тәжірибелерін көрсету, отандық тауарлар мен қызметтердің имиджін жақсартуды мақсат еткен.

«Мега Смарт» ЖШС-і МДФ жылтыр плитасын дайындап, кеңселерге қажетті жиһаз өндіреді. Еліміздегі баламасы жоқ бірегей өндіріс орны 2016 жылы іске қосылған еді.

Кәсіпорын Оңтүстік Корея технологиясымен жабдықталған. Жылына 120 мың плитаны нарыққа шығаруда

Цех басшысы Мардан Сәлімбековтің айтуынша, дайын өнімдер Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия елдеріне экспортталады. Ішкі нарықта 11 аймақ қамтылған. Бүгінгі таңда 57 жұмысшы бар. Цех басшысы мамандар жеткілікті екенін атап өтті.

Кеңселерге және білім беру мекемелеріне қажетті жиһаздар шығаратын «Мега Смарт B2B» ЖШС былтыр іске қосылған болатын. Кәсіпорынның техникалық бөлімінің басшысы Руслан Тұрмаханов қазіргі таңда жылына 5000 дана жиһаз жиынтығы дайындалатынын айтады. Өндіріске қажетті құрал-жабдықтар мен қосалқы бөлшектер Ресей, Германиядан алынады екен.

Мұнда барлығы автоматтандырылған. Дайын өнімдер Астана, Алматы қаласына, Түркістан облысына жіберілуде. Қазіргі уақытта жиһаз өндірісінде 150 адам жұмыс істейді. Кәсіпорын басшылары өндірісті одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер