Айналма жол аяқталуға жақын

032.jpg

Шымқалада Алматы күре жолы мен Темірлан тас жолы қиылысындағы  айналма жолдағы құрылыстың жүріп жатқанына біраз уақыт болды. Мердігер компания жолды аяқтап қалдық деп отыр. Нақтырақ айтқанда жолдың оң қапталдағы бөлігі мен көпірдің төселген асфальтін тегістеу сынды азын-аулақ жұмыстары қалған.  Жанталасып жатқан құрылысшылардың жұмысын өз көзімен көрі үшін  шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов нысандағы атқарылып жатқан жұмыспен танысып шықты. Жобаның бірінші кезеңі былтыр  басталған болатын. Құны 1 миллиард 737 миллионнан астам қаржыға бағаланған айналма жолдың құрылысы биыл аяқталуы тиіс. Құрылыс барысында 9 жер телімі мемлекет пайдасына алынған. Сметалық құжатқа сай, нысан биыл қараша айында тапсырылуы тиіс. Құрылыс жұмыстарының аяқталуын тұрғындар тағатсыздана күтуде. Кептелістен көз ашпайтын аумақта, емін-еркін көлікпен қатынайтын күн де жақын.  Қала әкімі жауапты мамандарға нысанды ел игілігіне дер кезінде беруін тапсырды. Айта кетерлік жәйт, қалада тағы төрт жаңа жол айрығы салынады. Қазіргі таңда құрылыс жобасы жасалуда. Бұл жол айрықтары Сайрам – Жібек жолы, Ұ. Арғынбеков – М.Х. Дулати көшелері және Т. Рысқұлов – Д. Қонаев даңғылы қиылысынан салынбақ. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттар жасалуда. Аяқталған соң құрылысқа қаржы бөліне бастайды.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер