"Жасыл ел" жасағы іске кірісті

 03658.jpg

    Шыммен көмкерілген жасыл қаланы көгалдандыру, абаттандыру күн тәртібінен тыс қалған емес. Осы орайда осыдан 13 жыл бұрын Президент пәрменімен қабылданған «Жасыл ел» бағдарламасы аясында жастар да Шымқаланың көркеюіне ат салысуда. Нақтырақ айтқанда студентттерден құралған  «Жасыл ел» еңбек жасақтары жұмысқа кірісті. «ЛТД Тұрмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 50 жас жұмыс жасап жатыр. Олар қаламыздағы Бадам өзенінде Т.Айбергенов көшесі, Д.Қонаев даңғылы, Темірлан тас жолында, Б. Момышұлы көшесінде, Қажымұқан стадионында көгалдандыру жұмыстарымен айналысуда. Көшеге егілген гүлдердің суғару, арам шөптерден тазарту жұмыстары осы жасаққа жүктелген.

   Айта кетейік, осынау 13 жыл ішінде күнгейлік 13 мыңнан аса жас облысымыздың  көгалдандыру-көріктендіру жұмыстарына жұмылдырылып, бірқатар шаруалардың атқарылуына себепші болған еді. Биыл да бұл жұмыстар маусым айынан бастап қазан айына дейін жалғасын таппақ. Өткен жылы «Жасыл ел» еңбек жасақтарының құрамында 1275 жас жұмыс істеп, еңбек еткен еді. Еңбекқор білімпаздардың оташа еңбек жалақысы 45-50 мың теңгені құрайды.

Жалпы   ел аумағында «Жасыл ел» жасағы алғаш рет 2005 жылы қолға алынған. Сол уақыттан бері бағдарлама жазғы уақытта жастардың демалысын тиімді өткізіп, қосымша қаржы табуын қамтамасыз етіп келеді. Бағдарлама студенттер мен 17 жастан асқан жастарға арналған

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Поддержка гражданами политического курса Президента Токаева остается на высоком уровне
  • Ел арасында Президент Тоқаевтың саяси бағытын қолдау жоғары деңгейде сақталып отыр
  • Шымкент қаласында «Келешек мектебі» үлгісіндегі жаңа мектеп іске қосылды
  • Балаларға шипа, ата-анаға сенім сыйлаған дәрігер
  • Дуальді оқыту – кадрлар даярлаудағы жаңа мүмкіндіктер
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер