Кәуаптың шебері атанған Сәбит

image.png

Ерінбей еңбектенген адам міндетті  түрде жетістікке жетері анық. Ең бастысы адал еңбек пен мойымау, мақсақта жету үшін бойда жігер болса болғаны. Сондай жанның бірі – Сәбит Тәжібаев.

  Шымкент десе, көз алдымызға иісі аңқыған кәуап елестеуі заңды. Себебі мұнда кәуап  пісірудің шеберлері көп. Солардың ішінде бүгінде ойып тұрып орын алған, тұрғындарға дәмді кәуабымен танылған кейіпкеріміздің еңбек жолы көпке үлгі. Сәбиттің негізгі мамандығы тарихшы. Әйткенмен оның бүйрегі осы аспаздыққа, оның ішінде кәуап пісіруге бұрып тұратын. Жүрек үніне құлақ асқан ол үш жылдың ішінде осы кәсіпті бастап, қала орталықтарынан бір емес үш бірей кәуапхана ашқан табысты кәсіпкер. 

«Кәуап пісіруді бала күнімде әкемнен үйрендім. Бұл жүректе қалып қойғандықтан, түбі осы салаға келдім. Алғаш кәсіпті бастағанымда жүрексінгенім рас.  Себебі Шымкент қаласы – кәуаптың отаны саналады. Бізде кәуап пісірудің түбін түсіретін нағыз шеберлер көп. Солардың арасынан өз орныңды тауып, кәсіп бастау өте қиын. Бірақ, шүкір жұмысым алға басып кетті. Қазір тұрақты тұтынушыларымыз көбейіп келеді. Келушілер кәуаптың дәмділігі айтып, алғыстарын жаудырып жатады. Тек қаланың тұрғындары ғана емес,  Қызылордаға да екі күннің бірінде тапсырыс жібереміз және батыс өңірлерден де тапсырыстар түсіп жатады.  Үш жылдың ішінде шәкірт тәрбидеп те үлгердім. Он шақты жігіттер «қолымнан шығып» бүгінде өз кәсіптерін жүргізуде»,- деген кейіпкеріміз дәмді кәуап әзірлеудің құпиясымен бөлісті. «Әр аспаздың құпиясы болады. Ең бастысы асты махаббатпен әзірлеу керек және тазалық бірінші орында тұрғаны  жақсы. Құс етінен кәуап жеңіл әрі жылдам дайындалады. Кәуаптың ең дәмдісі қой етінен жасалғаны. Алайда қой еті жасы келген адамдарға ауырлық қылады. Қой еті қорғасын деп бекер айтылмаған. Сондай-ақ қазір түрлі көкөністерден де кәуап дайындау сәнге айналып келеді. Басты құпия етті дұрыс маринадтау. Кемі 2, ұзағы 8 сағат маринадтау керек. Осы уақытта ет  бабына келеді. Ал ұзақ тұрып қалса еттің құнары кетіп қалады»,- дейді аспаз. 

   Сәбит Тәжібаев бүгінде  кәуаптың 15 түрін әзірлейді. Ендігі мақсаты -  әлі ешкім дәмін татып көрмеген,  ерекше кәуап әзірлеу. Қазір осы бағытта ізденіп жүргенін айтуда. Жоспары – үшінші мегаполистен  тағы бір кәуапхана ашу. 

Бос уақытында кітап оқығанды ұнататын оның өмірлік қағидасы еріндеу және тоқтамай еңбек ету. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «KazFerroGroup» кәсіпорнының еңбеккерлерімен жүздесті
  • Таңмен таласа оянған еңбек адамы
  • Медали и благодарственные письма вручили шымкентцам на торжестве в честь 30-летия Конституции
  • Шымкентте Ата Заң айбыны асқақтады
  • Гинеколог - қиындықтардан қорықпайтын, мықты мінезді мамандар
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер