Гинеколог - қиындықтардан қорықпайтын, мықты мінезді мамандар

image.png

Дәрігер салмақты мінез бен терең білімді, зор жауапкершілікті талап ететін мамандық. Біз бүгін осындай талант дәрігер, белгілі акушер-гинеколог Жанна Әлиева  жайлы әңгімелемекшіміз.

Әйелдің өміріндегі ең жауапты кезеңдердің бірі – жүктілік. Ал бұл жолда әрдайым жанынан табылатын – гинеколог дәрігер. Акушерлік және гинекология - адам өмірі үшін қаупі жоғары ерекше сала. Өйткені, бұл салада жұмыс істейтіндер адамның өмірі үшін күреседі, күрделі оталар жасайды. 

Жанна Әлиева медицинаға өмірін арнаған жан. 33 жылдан астам уақыттың ішінде ол мыңдаған әйелдің денсаулығын жақсартуға ат салысқан. Өз ісіне шынайы берілген маман гинекологтың жұмысы әрдайым оңай бола бермейтінін айтады. Алайда заманауи техника мен  жаңа мүмкіндіктер бұл жолды жеңілдетіп келеді. Десе де нағыз дәрігер үшін әрбір әйелге шын жүректен жанашырлық танытып, қолдау көрсету. 

«Мен еңбек жолымды бастаған кезде ультрадыстық зерттеу қондынғылары болмады. Тек басымызға, тәжірибемізге сүйеніп,  диагноз қоятынбыз. Қазақстанға УДЗ аппараттары келгеннен кейін бұл біздің жұмысымызды әлдеқайда жеңілдетті. Гинеколог болуды мен қиындықтардан қорықпайтын жандарға ғана ұсынар едім. Бұл ұзақ әрі күрделі жол. Гинеколог болу үшін мықты мінез бен төзімділік қажет»,- дейді жоғары санатты акушер-гинеколог, халықаралық тренер. 

Кейіпкеріміз 1990 жылы облыстық №1 перинаталдық орталықта еңбек жолын бастаған. Әрдайым ізденісте жүретін Жанна Қапланқызы Ресей (Мәскеу, Новосібір қ.), Италия (Триест мектебі), Израиль  елдерінде біліктілігін жоғарылатқан.   

Дәрігер мен емделуші әйелдер арасында көзге көрінбейтін сенім бар. Әйелдердің жыныс ауруларына бейжай қарамайтын дәрігер бүгінгі күні босанғаннан кейінгі болатын асқынулармен күресуде. Дәрігер әйел баласының гигиенаны қатаң сақтап, алты айда бір гинекологқа көрініп тұруды ескертеді. Күнделікті күйбең тіршіліктің ырқынан шыға алмай жүре бермей, қыз балалардың өз денсаулықтарына мұқият болуын баса айтты. 

Әйел адам босағаның ұйытқысы әрі берекесі емес пе? Әйелдің дені сау болса  оның жан - жағы, отбасы, балалары, ері, туыстары да бақытты болады. Әйел күлсе, әлем күледі. 

Әр ісіне осындай жауапкершілікпен, байыппен қарайтын, білімі терең, мінезі сыпайы дәрігерге ұжымдастардың ғана емес, шымкенттіктердің  де ілтипаты ерекше.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «KazFerroGroup» кәсіпорнының еңбеккерлерімен жүздесті
  • Таңмен таласа оянған еңбек адамы
  • Медали и благодарственные письма вручили шымкентцам на торжестве в честь 30-летия Конституции
  • Шымкентте Ата Заң айбыны асқақтады
  • Гинеколог - қиындықтардан қорықпайтын, мықты мінезді мамандар
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер