Төрт-түліктің жанашыры

image.png

Жастайынан еңбекке араласып, бүгінде өз кәсібін адал атқарып, жұмысының білгір маманы болған әр азамат – нағыз еңбек адамы. Осы орайда, төрт түлікті түлетуге атсалысып, олардың індет жұқтырмауы үшін барын салатын ветеринария саласының мамандарының да еңбегі орасан. Шымкенттік Нұржан Өтембековтың осы салада еңбек етіп келе жатқанына 8 жыл болған. Жастығына қарамастан бүгінде оның қызметіне жүгінетіндердің қарасы қалың. Білікті маманның жерде қалмайтыны түсінікті.

«Ветеринария – қызығы мен қиындығы қатар жүретін, аса жауапкершілікті қажет ететін ауқымды сала. Өзім ауылдың баласы болғаннан кейін маған төрт түлік бөтен емес. Бала кезден аттың құлағында ойнап  өскендіктен, мамандық таңдар тұста отбасыммен ақылдасып мал дәрігері болсам деген ойға келдім. Сол кезде өз мамандығымды қателеспей таңдап, дұрыс қадам жасағаныма бүгінде дән ризамын»,- деген Нұржан 2016 жылы Шымкент қаласындағы Аграрлық колледжге ветеринар мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны аяқтаған соң әрі қарай білімін жоғарылату үшін М.Әуезов атындағы ОҚУ-ға түседі. «Екінші курс оқып жүргенімде мал-жанды емдеу, оларға ота жасауды үйреніп бастадым. Жалпы менің осы салада жетістікке жетуіме үлкен септігін тигізген ұстаздарым бар. Мысалы осы салада 25 жылдық тәжірибесі бар Бақытжан Дәулетұлынан жылқыларды емдеуді үйрендім. Ал Мырзағали ағамызда жылқыларға ота жасауды үйрендім»,- дейді ветеринар. 

Қазіргі таңда Нұржан Шымкент қаласындаы 5 ірі шаруақожалығындағы малдардың денсаулығына жауап беретін білдей маман. Одан бөлек басқа қалалардан да шақыртулар түседі дейді ол. «Мысықтан бастап түййге дейіп, тіпті жыртқыш аңдарды да емдеген кезім болды. Әсіресе жылқы малына шақырту көп аламын. Себебі біздің қалада көкпар, бәйге секілді ат спорты жақсы дамыған. Ал мұндай жылқылар ерекше күтімді қажет етеді және жарыстан кейін жылқылардың жарақат алуы, әсіресе тұяқтарының ауырсынуы жиі кездеседі. Осындай сәттерде көмекке ұмтыламын. Жербауырлап жатып қалған жылқысын аяққа тұрғызға кезде мал иелерінің шын жүректен айтқан алғыстарын естігенде қатты қуанамын. Жануарлар құнды қазынамыз. Олардың амандығы адамзаттың амандығы деп білемін»,- дейді кейіпкеріміз. 

Нұржан Әбенұлы ізденуін тоқтатпай Германияға барып тәжірибе жинақтауды жоспарлап жүр екен. Ендеше төрт-түліктің жанашыр маманына сәттілік тілейміз. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ғылымның жолына түскен педагог
  • Ерен еңбегі бағаланды
  • Домбыра жасаудың хас шебері
  • Төрт-түліктің жанашыры
  • «KazFerroGroup» кәсіпорнының еңбеккерлерімен жүздесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер