Ерен еңбегі бағаланды

image.png

Ұстаз – ұлағатты ұлы есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие мен жақсы қасиеттерді бойына дарытатын қадірлі жандар. Бала жанына нұр сеуіп, санасына сәуле шашатын ұстаздың ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі зор. Ұстаз – ұлт болашағын қалыптастырушы тұлға. Осы  аса жауапты да абыройлы мамандықты жүрек қалауымен таңдап, әр шәкірттің жүрегіне жол тауып жүрген ұлағатты жанның бірі – Сәрсенкүл Спанқұлова. Шымкент қаласындағы Циолковский атындағы N 84 жалпы орта білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі, педагог-зерттеуші  ширек ғасырдан бері білім саласында ерен еңбек етіп, саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнап келеді. 

Ұлағатты ұстаз  шәкірттерін тәрбиелеп қана қоймай  республикалық және облыстық байқауларда жеңіске жеткізіп келеді. Ол дарынды оқушылармен жеке жұмыс жүргізіп, олардың қабілеттерін шыңдауға ерекше көңіл бөледі. Ұстаздың тынымсыз еңбегі мен кәсіби шеберлігі жоғары деңгейде бағаланып келеді. Таяуда ғана кейіпкеріміз ҚР білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін “БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ” төсбелгісімен марапатталды. Бұл — ұстаздың ұрпақ тәрбиелеудегі өлшеусіз еңбегінің, үздіксіз ізденіс пен кәсіби шеберлігінің жарқын нәтижесі.

«Бұл мен үшін жай ғана марапат емес, ұзақ жылдар бойы жүрекпен атқарылған әрбір сабағымның, шәкірттерімнің жетістігінің, ұйқысыз түндерім мен шексіз махаббатымның нәтижесі. Ұстаздық – менің тағдырым. Бұл жолдан ешқашан таймаймын. Алдағы мақсатым – ауыл мектебінде сапалы білім беруді дамытып, дарынды балалардың жолын ашу.

Мемлекет тарапынан осындай қарапайым мұғалімдердің еңбегін елеп, үлкен құрмет пен қолдау көрсетіп отырған ҚР Оқу-ағарту министрлігіне, Шымкент қаласы әкімдігі мен білім басқармасына және мені қолдаған барша жанға, №84 мектептегі ұжымыма алғысымды  білдіремін!»,- дейді ағынан жарылған ұстаз. 

Сәрсенкүл Қахарбекқызы -   адамгершілік қасиеттерімен, кәсіби біліктілігімен оқушылардың сүйікті ұстазы, сыйлы әріптеске айнала білді. Ол мектепішілік шаралардың жоғары деңгейде өтуіне тікелей араласып, өзі бірге атқарысып , оқушымен де, ата-анамен де, ұстаздармен де бірлесе етене жұмыс жасай білетін көшбасшы мұғалім. Ол өз ісіне адал, қарапайымдылық пен парасаттылықты бойына сіңіре білген жан. Әріптестері арасында сыйлы, шәкірттерінің жүрегінен орын алған еңбек адамы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Поддержка гражданами политического курса Президента Токаева остается на высоком уровне
  • Ел арасында Президент Тоқаевтың саяси бағытын қолдау жоғары деңгейде сақталып отыр
  • Шымкент қаласында «Келешек мектебі» үлгісіндегі жаңа мектеп іске қосылды
  • Балаларға шипа, ата-анаға сенім сыйлаған дәрігер
  • Дуальді оқыту – кадрлар даярлаудағы жаңа мүмкіндіктер
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер