Сегіз қырлы, бір сырлы маман

image.png

Ғылыми-техникалық прогресстің дамуы, электр станциялар мен әр түрлі кәсіпорындардың жұмыс істеуі, үйге электр және жылу энергиясының келуі энергетик мамандарының арқасында жүзеге асады. Энергетик — электр желілерін жобалаумен және монтаждаумен, сондай-ақ олардың жұмысын бақылаумен және жөндеумен айналысатын маман. Энергетика саласының қызметкерлері өз ісіне деген терең құштарлығымен, жинақталған білім мен тәжірибені сақтауға жауапкершілікпен қарауымен ерекшеленеді. Энергетиктің жұмысы физикалық еңбекпен, сондай-ақ ақыл-ой жүктемесінің жоғарылауымен және шоғырлануымен байланысты.

Энергетик кәсібі — күрделі және көпқұрылымды. Осы саладағы маман қажетті есептеулерді орындау үшін математикалық ойлау қабілетіне ие болуы керек, сонымен қатар мұнда тек орындалатын әрекетке назар аудару мүмкіндігі қажет. Бұл жұмыс өте ауыр: кішкене жіберілген қателік қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Энергетик — бұл шешім қабылдауға және олар үшін жауап беруге қабілетті адам. Міне, осындай бір қырлы сегіз қырлы энергетика саласының білікті мамандарының бірі  Ожан Оразбаев. Қазіргі таңда «ЭЛМО» АҚ Шымкент монтаждау басқармасының басқарушы директоры қызметін атқаратын ол еліміздегі іргенлі “Alageum Electric” компаниясында еңбек етіп жүргеніне 12 жылдан астам уақыт болған. Оның басшылығымен Астанадағы маңызды энергетикалық нысандарға кабель желілері тартылды:   «Жұлдыз» және  «Арай» қосалқы станциясына жетекшілік етті.

Ожан Қыпшақбайұлының тәжірибесінде ондаған ірі жобалар бар:  Алібекмола мен Қожасай кен орындарының кешенді газ өңдеуін біріктіру, Атырау МӨЗ-дегі ароматты көмірсутектер өндіру кешені, Қазақстан-Қытай газ құбырының құрылысы, КС-2 компрессорлық станциясы,  Петропавл электротехникалық зауытын электрмен жабдықтау және тағы басқа маңызды жобалар! Бүгінде Шымқаланың энергетика саласының дамуына үлшеусіз үлесін қосып жүр. 

Кейіпкеріміз - электрмонтажшы, құрылысшы, энергетик.   Ол -  кәсібіне адалдығының, жоғары кәсібилігі мен мықты көшбасшылығының жарқын үлгісі.

Ожан Қыпшақбайұлы - күрделі әрі ауқымды міндеттерді шешуге терең араласатын, тиімді басқару стилімен ерекшеленетін, тәжірибесін жас буынға үйретіп жүрген нағыз маман.

Мұндай басшылар – компанияның басты құндылықтарының көрінісі, тұрақтылықтың кепілі және дамудың қозғаушы күші.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Поддержка гражданами политического курса Президента Токаева остается на высоком уровне
  • Ел арасында Президент Тоқаевтың саяси бағытын қолдау жоғары деңгейде сақталып отыр
  • Шымкент қаласында «Келешек мектебі» үлгісіндегі жаңа мектеп іске қосылды
  • Балаларға шипа, ата-анаға сенім сыйлаған дәрігер
  • Дуальді оқыту – кадрлар даярлаудағы жаңа мүмкіндіктер
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер