Ел арасында Президент Тоқаевтың саяси бағытын қолдау жоғары деңгейде сақталып отыр

image.png

Қазақстандықтардың басым бөлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағытын қолдайды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жүргізген әлеуметтік сауалнама қорытындысында айтылды.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ағымдағы жылдың 11 шілдесі мен 12 тамызы аралығында кең ауқымды сауалнама өткізді. Оған 17 облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 8000 адам қатысты.

Әлеуметтік зерттеу респонденттердің Президент институтына сенімінің зор екенін көрсетті: азаматтардың 82,4% Қасым-Жомарт Тоқаевқа үлкен қолдау білдіріп отыр.

Ең жоғары деңгейде қолдау көрсетіп отырғандар – 18-29 жас аралығындағы қазақстандықтар (90,3%). Одан кейінгі орындарда 30-45 жастағылар (82,4%), 46-60 жастағылар (78,6%) және 61 жастан асқандар (77,8%) тұр.

Ауыл тұрғындарының сенімі қала халқына қарағанда сәл жоғары (сәйкесінше, 84,9% және 80,9%).

Табыс деңгейі мен жұмыспен қамтылу ерекшеліктеріне қарамастан, респонденттердің сенім деңгейі бірдей дәрежеде.

Президентке ең көп қолдау білдіретіндер: білім беру саласының қызметкерлері (89,6%), денсаулық сақтау мамандары (84,5%), мемлекеттік қызметшілер (87,1%), құқық қорғау органдарының қызметкерлері (96,9%), ауыл шаруашылық саласының өкілдері (86,2%), ғылым (85,7%), мәдениет пен өнер саласының мамандары (85,9%).

Зерттеу қорытындысы ел арасында Президентке сенімнің тұрақты жоғары деңгейде екенін айқын көрсетті. Бұл өз кезегінде жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың азаматтар үшін тиімділігін дәлелдейді.

Институт мәліметінше, зерттеу қорытындысы ел арасында Мемлекет басшысына деген сенімнің тұрақты жоғары деңгейде сақталып отырғанын дәлелдеді. Бұл жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың азаматтар үшін тиімді екенін көрсетеді.

Айта кетейік, қазақстандықтардың 73%-ы еліміз дұрыс бағытта дамып жатыр деп санайды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Поддержка гражданами политического курса Президента Токаева остается на высоком уровне
  • Ел арасында Президент Тоқаевтың саяси бағытын қолдау жоғары деңгейде сақталып отыр
  • Шымкент қаласында «Келешек мектебі» үлгісіндегі жаңа мектеп іске қосылды
  • Балаларға шипа, ата-анаға сенім сыйлаған дәрігер
  • Дуальді оқыту – кадрлар даярлаудағы жаңа мүмкіндіктер
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер