Батырлық – таңдау емес, жүрек ісі!

image.png

     Мамандықты дұрыс таңдау – ертеңгі қамсыз өмір сүруіңнің кепілі. Ақшасы аз болса да, әрқашан халықтың алғысына бөленіп жүретін абыройлы маман иелері көп. Олардың ең басты парызы – адамның өмірін сақтап қалу. Он алты жылға жуық өрт сөндіру саласында еңбек етіп келе жатқан  Бекжан Үркінбаев. 

    Ол Шымкент қаласындағы №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі.  Азаматтық қорғау органдарында 2008 жылдан бері қызмет етіп келеді және өз еңбек жолын Шымкент қаласындағы №1 мамандандырылған жасақта өрт сөндіруші қызметінен бастады. 2022 жылы ол Шымкент қаласындағы №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне ауыстырылып, бөлімше командирі лауазымына тағайындалды. Қызмет барысында ол өзін сауатты, бастамашыл, жауапты және тәртіпті қызметкер ретінде көрсетті. Осы қасиеттерінің арқасында ол ірі өрттерді сөндіруде басшылық жасап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

       Оның қызметінің маңызды бөлігінің бірі – өзінің кәсіби тәжірибесі мен білімін жас мамандарға үйрету. Ол жас қызметкерлерге өрт сөндірудің негізгі дағдыларын үйретіп, өзінің мол тәжірибесімен бөліседі. Қарамағындағы қызметкерлер оның кәсібилігін және адамгершілігін бағалап, әрдайым қолдау көрсетеді.

      Тәжірибелі құтқарушы ретінде ол қиын жағдайларда бірнеше рет ерлік танытқан. Сондай оқиғалардың бірі 2024 жылдың 2 қазанында орын алды. Шымкент қаласының «Нұрсат-2» шағын ауданындағы 9 қабатты үйдің 6-қабатындағы пәтерде болған өрт кезінде ол әріптестерімен бірге өртті уақытында сөндіріп, оның одан әрі таралуына жол бермеді. Сол күні 31 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды, 6 бала құтқарылды. Бекжан батылдығын көрсетіп, баланы құтқарып, өз кәсіби шеберлігін тағы да дәлелдеді.

      «Азаматтық қорғау органындағы еңбек жолымды 2008 жылдан бастадым.  Бұл мамандық менің жүрек қалауым және бала күнгі арманым. 16 жыл еңбек жолымда ірі өрттерді сөндіруге қатыстым. Адамдарды құтқару жолында аянбай еңбек еттім. Одан әрі де еңбек ете беремін. Өйткені біздің міндет елге қызмет ету»,- дейді кейіпкеріміз. 

      Ол жұмыста талапшыл және адал болса, үйде қамқор әке және үлгілі жар. Ол бір ұл мен бір қыз тәрбиелеп отырған отбасының тірегі.

      Оның жанқиярлық еңбегі, батылдығы мен адалдығы әрдайым жоғары бағаланып келеді. Бекжан «Өртке қарсы органдарындағы мінсіз қызметі үшін 10 жыл» және «Өртке қарсы органдарындағы мінсіз қызметі үшін 15 жыл» медальдарымен марапатталған, сондай-ақ «Гарнизонның үздік командирі» атағына ие болған. Сонымен қатар әскери қызмет кезінде де жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, 2007-2008 жылдары «Үздік радиотелефонист» атағын алған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Құтқарушы дәрігер - құрметті мамандық
  • Жолдаудан кейінгі ой: Шымкенттік педагог ЖИ-дің білім саласына қосар үлесіне сенімді
  • Өнерді өрнектеген қолтаңба
  • Қоғамдық көлік жүргізушісінің жүгі
  • Жұмысына адал жас маман
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер