Еңбектің асыл жолы

Изображение WhatsApp 2025-09-23 в 17.14.22_773ee6c0.jpg

Ауруханада дәрігерлермен бірдей еңбек ететін жандар бар. Олар – тазалықшылар. Күн сайын әр бөлмені мінсіз таза ұстап, науқастардың жайлылығы мен қауіпсіздігіне жауапты осындай адамдардың еңбегі ерекше бағаланады. Солардың бірі  Шымкент қаласының №3 қалалық ауруханасында қызмет етіп  жүрген Зулфизар Эрметова. Оның өмір жолы  қарапайым қызметтің де үлкен мәнге ие болатынын дәлелдейтін өнеге.

     Зулфизар Эрметова 1977 жылдың 14 қазанында Түркістан облысы, Сайрам ауданында дүниеге келді. Қарапайым еңбекқор отбасында өскен ол бала кезінен жауапкершіліктің, еңбек пен адалдықтың қадірін сезініп, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық көрсетуге үйренді. Мектеп қабырғасынан алған тәлім-тәрбие оның жанын мейірімге толтырып, адамдарға көмектесуді өмірлік қағидасына айналдырды. Мектепті 1992 жылы тәмамдаған соң, қалаға асықпай, жүрек қалауын тыңдап, адамдарға шипа сыйлайтын қасиетті салаға бет бұрды.

     2004 жылы Зулфизар Сайрам ауылдық ауруханасында еңбек жолын бастады. Жан сақтау бөлімшесінде тазалықшы болып қызмет атқарып, әр бөлмені, әр құралды мұқият дайындауды өз міндеті деп білді.  2012 жылдан 2021 жылға дейін ол хирургия бөлімшесінде жұмыс істеді. Хирургия – әр күні күрделі шешім мен қырағылықты талап ететін ерекше орта. Мұнда бір сәтке де ұқыпсыздыққа жол жоқ. Зулфизардың еңбегі де науқастардың өмірін сақтап қалуда маңызды үлес болды. 2021 жылдан бастап нейроинсульт орталығына ауысып, 2023 жылдан бері ота блогында қызмет етіп келеді. Бұл  аса мұқияттықты, әр детальға мән беруді қажет ететін, жауапкершілігі мол жұмыс.

    2020–2021 жылдардағы COVID-19 індеті бүкіл әлемге ауыр сынақ болды. Сол кезде Зулфизар Курганбайқызы қорғаныс киімін шешпей, тәулік бойы жұмыс істеп, науқастардың өмірін сақтап қалуға үлес қосты. Жан сақтау бөлімшесінде тазалықты қатаң сақтап, әр құралды залалсыздандыру  індеттің алдын алудың басты тәсілі болды. Оның батылдығы нағыз ерлік десек артық болмас.

    Бұл үнсіз еңбектің мәні зор. Зулфизардың іс-әрекеті қоғамға үлгі, оның мейірімі мен адалдығы ұрпаққа өнеге. Ол әрбір адамның өмірін құтқаруда орны бар екенін түсінеді және өз міндетін жауапкершілікпен орындайды. Ауруханада дәрігерлер мен мейірбикелер қанша абыройлы болса да, олардың еңбегін толықтыратын  дәл осы секілді жанашыр қызметкерлер. Қарапайым тазалықшының еңбегі арқылы үлкен мән туады. Мұндай адамдар қоғамға өмір сыйлайды, мейірімділік пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетеді. Зулфизар Курганбайқызы  нағыз шынайы еңбек майталманы. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы: «АҚШ уранның орта есеппен 24 пайызға жуығын біздің елден импорттайды»
  • Президент: «Қазақстан өзінің энергетикалық ресурстарын экспорттау бағыттарын әртараптандыруды көздей
  • Мемлекет басшысы Американың бизнес өкілдерімен өткен «дөңгелек үстел» отырысында сөз сөйледі
  • Инновациялық қаржы жүйесі мен киберқауіпсіздік – басты міндет
  • Встреча акима Шымкента с чемпионами мира и Азии
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер