Газ саласының мамандары ұлықталуда

image.png     

Ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды – бұл экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік прогрестің басты факторы ретінде жұмысшы кәсіптерінің рөлін күшейтудегі стратегиялық қадам. Бұл шешім елдің тұрақты өсуі мен инновациялық дамуын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратын білікті мамандарды дамытудың маңыздылығын көрсетеді. Бұл - еңбек пен жұмысшы мамандықтары өкілдерінің ел дамуына қосқан үлесін ерекше мойындаудың символы.

    Шымкентте «Жұмысшы мамандықтар» жылына орай арнайы  жоба жүзеге асырылуда.  «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «QazaqGaz Aimaq» АҚ Шымкент өндірістік филиалы қала әкімдігінің қолдауымен арнайы әлеуметтік жобаны қолға алды. Шымкент қаласының 10 орталық көшесіне газ саласындағы жұмысшы мамандарға арналған ақпараттық стендтер  орнатылды. Жобада өндіріс қызметкерлерінің еліміздің газ саласын дамытуға қосқан үлесі көрсетіліп, олардың күнделікті жұмысының маңыздылығына мән берілген.

Инсталляциялар қоғамдық орындарда орналасқан және осы жылдың соңына дейін тұратын болады. Олар жұмысшы  мамандықтардың беделін көтеруге ғана емес, сонымен қатар жастардың өндіріс саласында жұмыс істеу перспективаларына назарын аударуға бағытталған. 

    Газ шаруашылығының маманы болу – бұл үлкен жауапкершілік.  Аталмыш саладағы  жұмыс адамға, әсіресе маманға жоғары талаптар қояды. Жоғары кәсібилік пен техникалық дағдылар қажет. Қазақстандықтардың үйлеріндегі жылу мен жайлылық, көптеген кәсіпорындар мен өндірістердің қызметі осы газ саласындағы мамандардың  жұмысына байланысты. Сонымен қатар, қазір газ саласы белсенді түрде цифрландырылуда, инновациялық технологиялар енгізілуде. 

    «QazaqGaz Aimaq» АҚ Шымкент өндірістік филиалы   өз жұмысшыларының қателікке жол бермейтін білгір, сайдың тасындай болуы үшін өздерінің ғылыми-техникалық орта¬лығының оқу полигонында әбден машық¬тандырып, тереңірек оқытып, біліктілігін арттырып алады. Одан кейін ғана сенімді түрде жұмысқа жібереді. Өйткені газ саласы өте кірпияз, мүлт кетуді кешірмейді. Бір жерден кеткен қателік бір қауым елді орны толмас өкінішке ұшыратуы мүмкін. Бұл үлкен шаруашылықтың барлығы тәулік бойы, ыстықта және суықта үздіксіз және ең бастысы қауіпсіз жұмыс істеп келеді.  Сондықтан газ саласы  мамандарының  қажырлы еңбегі әрқашан лайықты құрметке ие.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкенттік ұстаздар медаль тағынды
  • Тағдырға мойымаған чемпион
  • Болашақ аспаздар мамандықтарын ұлықтады
  • Шымқаланың студенттері оқ бойы озық шықты
  • Ағаштарға күтім жасау - оның сүйікті ісі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер