Президенттің қолынан марапат алған монтер

image.png     

Мұнай-газ саласы – Қазақстанның табиғи қазба байлықтарының ішінде ерекше орын алады. Бұл салада еңбек етіп жүрген жұмысшы мамандардың рөлі айрықша. Олар – ел экономикасын алға сүйреп, өндіріс пен энергетиканың тұрақтылығын қамтамасыз ететін мамандар. Қиын әрі жауапты қызмет атқарып жүрген мұнай-газ саласының қызметкерлері өздерінің кәсібилігімен, төзімділігімен ерекшеленеді.

    Көгілдір отынды жеткізудің үздіксіз процесі түрлі мамандардың тынымсыз еңбегімен тікелей байланысты. Сондай қызметкердің бірі - «QazaqGaz Aimaq» ұлттық компаниясының Шымкент өңдірістық филиалының монтері - Ергеш Масақбаев. «QazaqGaz Aimaq» АҚ Шымкент өндірістік филиалын  ұзақжылдар бойы еңбек ете жүріп, Ергеш Молдаразұлы  өз мамандығына деген адалдығымен, тәртіптілігімен және жоғары кәсібилігімен ерекшеленіп келеді. Жыл сайын қауіпсіздік техникасы бойынша емтихандардан өтіп, білімін жаңартып отырады. Жұмыс орнындағы қоғамдық шараларға да белсене араласып, әрдайым ұжымдастарына қолдау көрсетіп отырады.  

    Монтер – бұл электр желілерін, байланыс жүйелерін немесе теміржол инфрақұрылымын жөндеумен, күтумен және орнатумен айналысатын маман. Олардың еңбегі көзге көріне бермегенімен, қоғам үшін аса маңызды. Монтердің жұмысы ауыр, физикалық күш пен техникалық білімді талап етеді. Олар кез келген ауа райында – ыстықта да, суықта да далада жұмыс істейді. Әр сәтте қауіп-қатерге дайын болу, сақтық шараларын сақтау – бұл мамандықтың күнделікті шындығы. Монтер – үнсіз еңбек иесі. Олар сахна сыртында жүріп, қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етеді. Сол себепті де олар құрметке лайық. Бүгінгі заманда техниканың қарыштап дамуы монтерлердің де жұмысын жеңілдетіп жатқанымен, олардың маңыздылығы ешқашан жойылмайды. Монтер – нағыз еңбек адамы. Олардың адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі – елдің өркендеуіне қосқан үлесі өлшеусіз. Ергеш Масақбаев көзге онша көріне бермейтін, бірақ өндіріс үшін аса маңызды осындай жұмыстарды  25 жылға жуық атқарып келеді және еңбегі зая кетпеді. 

    Жақында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің мұнай-газ саласын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар қызметкерлерді мемлекеттік ордендер мен медальдармен марапаттаған болатын.  Марапатталғандардың қатарында  кейіпкеріміз де  бар.

     «Мен компанияға 2001 жылы келдім, содан бері 25 жылға жуық уақыт бойы осы жерде еңбек етіп келемін.   Президенттің құттықтауын есту – біз үшін үлкен мәртебе. Қарапайым жұмысшы үшін ең қымбат нәрсе – көңіл бөлу мен жылы сөз. Осындай қолдау жаңа күш береді», — дейді монтер  Масақбаев.

     Ергеш Молдаразұлы  – шынайы еңбек адамы. Қиындыққа мойымай, адал тірлікпен күн кешіп, елге пайдасын тигізіп келе жатқан қала азаматы.  Қарапайым, тәжірибесі мол кәсіби осындай азаматтардың өмірі мен еңбек жолы – бүгінгі және ертеңгі ұрпаққа үлгі. Себебі, ел тірегі – еңбекте.  Біз әрбір қызметкердің адал еңбегін қадірлейміз, олардың маңдай терін мақтан етеміз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкенттік ұстаздар медаль тағынды
  • Тағдырға мойымаған чемпион
  • Болашақ аспаздар мамандықтарын ұлықтады
  • Шымқаланың студенттері оқ бойы озық шықты
  • Ағаштарға күтім жасау - оның сүйікті ісі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер