Кез-келген ауа-райында тынбайтын еңбек иесі

image.png

Коммуналдық сала мамандары — бұл ауызсу, жылу, жарық, көше тазалығы, аулалардың жайлылығы мен жол қауіпсіздігі секілді маңызды қызметтерді қамтамасыз ететін жандар. Бұл – көп жағдайда көзге көрінбейтін, бірақ өте жауапты және күрделі еңбек. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы тұрғындардың күнделікті өмір сапасына тікелей әсер ететін аса маңызды бағыт.  Осы сала мамандарының күн сайынғы қажырлы еңбегінің арқасында шаһар тұрғындары жылумен, ауыз сумен, кәріз су бұру және тазарту қызметтерімен үздіксіз қамтамасыз етіліп келеді. Қандай қиын сәттерде де, ауа райының қолайсыз жағдайларында да, апаттық оқиғалар кезінде де олар әрдайым алдыңғы шепте болды және бола береді.

Осындай жауапты қызметті атқарып жүрген жанның бірі – Әліби Тасболатов. Ол бүгінде  Шымкент қаласы әкімдігінің  «Су құбыры және канализация» басқармасының мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының канализация бөлімінің апаттық бригадасында  шебер болып қызмет атқарады.  

«Бригадамызда  14 шақты бала бар. Жалпы 3 бригадамыз бар. Екі бригада апатты жағдайлардағы шағымдар бойынша жүреді. Бір бригада кесте бойынша жүреді. Олар кестеге сай құдықтардың ішін тазалайды, жөндейді. Жоспар бойынша әр күні әр түрлі аудандарға барады. Апатты жағдайларға байланысты шақыртулар көбейген кезде, яғни апаттық бригада мамандары  үлгере алмай жатқан кезде қосымша бриагада көмекке келеді.   Өзімнен үлкен аға шебер бар. Бригаданы басқарып, қадағалап, бізге кеңес айтып, жастарға тәлім беріп жүреді. Біздің бригадалар  қаладағы 20 шақты елді-мекенге қарайды.  «Тұран»,  «Асар», «Қайтпас» секілді үлкен аудандар да бар. Көбінесе тұрғындардан  «канализация бітеліп қалды» деген шағым түседі. Күніне кем дегенде 7-8 шақыртуға барамыз. Жұмыстың оңайы жоқ. Дегенмен бұл жұмыс өзіме ұнайды. Адал еңбегім арқылы отбасымды асырап отырмын»,- дейді бриагада шебері.  

Кәріз құбыры бөлімінің жұмысшылары екі ауысымда күндіз-түні жұмыс істейді. Кейіпкеріміздің бригадасы қай мезгілде болсын жұмысқа тас түйін дайын. Тәжірибелі маман ортасына да сыйлы азамат. 

Ия бұл кісілердің еңбегін біріміз білсек біріміз білмейміз. Бұл мамандардың еңбек жолы қиын әрі қауіпті. Сондықтан еңбек әрқашанда лайықты бағалануы керек.   Айта кетейік, білікті жұмысшы – тек өз ісінің маманы ғана емес, қоғамның іргесін бекітіп тұрған берік тірек деуге болады. Осындай еңбек адамдарының еселі еңбегін бағалау – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкенттік ұстаздар медаль тағынды
  • Тағдырға мойымаған чемпион
  • Болашақ аспаздар мамандықтарын ұлықтады
  • Шымқаланың студенттері оқ бойы озық шықты
  • Ағаштарға күтім жасау - оның сүйікті ісі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер