Тұрғындарға жайлы өмір сыйлап жүр

image.png

Коммуналшылар – қарапайым, бірақ қоғам үшін аса маңызды қызметтің иелері. Олар өз ісіне адал, әр таңды еңбекпен қарсы алатын жандар. Нағыз еңбек адамдарына құрмет білдіру – баршамыздың борышымыз.

Жарқынбек  Құлбаев 1981 жылы Түлкібас ауданы Елтай ауылында дүниеге келген. Сол жерде орта мектепті бітіріп, 2018 жылы жұмыс бабымен Шымкент қаласына келген. Алғаш рет Су ресурстары шаруашылығы маркетингіне жұмысқа орналасады. 3 жылдай жұмыс жасаған соң, 2021 жылы Шымкент қаласы әкімдігінің «Су құбыры және канализация» басқармасының мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының канализация бөліміне ауысып, осында 4 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Мамандығы – слесарь.

«Әр жұмыстың өзінің қиындығы да қызығы да қатар жүреді ғой. Коммуналдық салада еңбек етіп жүргеніме 7 жылдай уақыт болды. Жаңбырлы күндері қиындау болады. Жаңбырдың суы канализацияға толып, ағып үлгере алмай қалған жағдайда сарқынды сулар тұрғын үйлердің жертөлесінен, кейбір пәтерлердің жуынатын бөлмелерінен шығып кетеді. Келеңсіз жағдайды қалыпқа келтіру үшін күн-түн демей жұмыс істейміз. Шақыртудың көбейетін мезгілі көктемде және күзде, яғни жабырлы маусымда көп болады. Құбырларды ауыстыру кезінде өзге мамандардың көмегіне жүгінеміз.  Көпшілікпен жұмыс істеу оңай емес. Канализацияның бітелуі көп жағдайда трубаға бөгде заттың түсіп кетуінен болады. Тазалағанда түрлді заттар шығады. Сондай кезде тұрғындарға тазалық сақтау керектігін барынша түсіндіріп айтамыз. Сәтті жұмыстан соң халық алғысын айтып жатады»,- дейді кейіпкеріміз.  

   Мекемеде 7 жылдан астам уақыттан бері еңбек етіп келе жатқан Жарқынбек Құлбаев толған құбырларды қалпына келтіруге баскөз болып жүр. Кәріз құдығына түскен кезде қауіпсіздік  үшін алдын ала оттегі мен улы газ мөлшері өлшенеді. 

«Арнайы құрылғының көмегімен кәріз құдығының ішінде газ бар-жоғын анықтап аламыз. Егер қажетті мөлшерден газ көп болса құдықты желдетіп немесе су құйып шығарамыз. Қауіп сейілген соң кәрізге түсеміз. Арнайы гидрокостюм киеміз. Сақтандыру арқанын тағамыз. Ол 225 келіге дейін көтереді. Қорғаныш каска және бетперде кию міндетті. Слесарьдің жеке құралдарын қоса алып түсеміз.  Құдықтың ішінде 10 минуттан артық қалуға болмайды. Себебі ойламған жерден кәрізге су келуі мүмкін, газ толуы мүмкін. Осы секілді қауіпсіздік шараларын сақтасаң  жұмыс қиын болмайды»,- дейді ол. 

Егемен еліміздің жарқын болашағы жолында Отанымызға адал еңбек ету, адал жолмен табыс табу, адал азамат болу – біздің қастерлі міндетіміз!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкенттік ұстаздар медаль тағынды
  • Тағдырға мойымаған чемпион
  • Болашақ аспаздар мамандықтарын ұлықтады
  • Шымқаланың студенттері оқ бойы озық шықты
  • Ағаштарға күтім жасау - оның сүйікті ісі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер