Сапаға жұмыс істейтін жан

image.png     

Соңғы жылдары елімізде тұрғын үй құрылысы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне айналды. Миллиондаған шаршы метр баспана салынып, мыңдаған отбасы қоныс тойын тойлап жатыр. Үшінші мегаполис Шымкент қаласында да құрылыс қысы-жазы тоқтаған емес.  Сол үйлердің іргесін қалаған қарапайым еңбек адамдары – құрылысшылардың еңбегі соңғы жылдары жиі айтылып, еленіп жүр. Алайда құрылыс саласының бір бөлшегі саналатын құрылыс материалдарын өндіретін мамандардың еңбегі көп жағдайда көлеңкеде қалып қояды. Міне, бұл мақалада қала құрылысында кеңінен пайдаланылып жүрген құрылыс материалының сапасын бақылайтын, зерттейтін маман туралы сөз етпекпіз.

      Татьяна Суптеля - қаламыздағы  жоғары сапалы темірбетон бұйымдарын жасайтын «Оңтүстік құрылыс сервис»  зауытында сапа жөніндегі инженер болып қызмет атқарады.   Еңбек өтілі 23 жыл.  

     "Кәсіби  мамандардан құралған кәсіпорында 2002 жылдан бері қызмет етіп келемін. Өнімдеріміз сапалы болу үшін алдымен өнім құрамына енетін материалдардың сапасын тексеріп аламыз. Олар цемент, құм, ұсақ тас. Ол үшін зауытымызда арнайы лаборатория жасақталған. Аталған материалдардың құрамын зерттеп болған соң мамандарымыздың қолынан шыққан арматура, бетон өнімдерінің  сапасын тексереміз. Бетон өнімдері қалыпқа құйылып жатқан сәттен бастап, дайын өнім болғанға дейінгі процеске тексеру жүргізіледі. Толық зерттелген және сапасы барлық стандарттарға сай болған өнімдерді ғана қоймаға жібереміз. Менің негізгі міндетім өнімдердің сапасын тексеру және жақсарту. Құрылыс материалының сапасы бүкіл құрылысқа тікелей әсер етеді. Сапасыз құрылыс ол адамдардың, тұрғындардың өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан біз қателеспеуге және өнімдерімізді барынша сапалы етіп шығару жолында еңбек етудеміз. Ол  үшін зертханамызда барлық жағдай жасалған. Заманауи құрал-саймандарымыздың барлығы бар. Біз өз өнімдерімізді мақтан тұтамыз, өйткені олар жай ғана құрылыс блоктары емес, олар болашақты құрайтын элементтер.  Біздің өндірісте сапа жай сөз емес, бұл біздің жұмыс философиямыз! Өндірістің әрбір кезеңін біздің сапаны бақылау мамандары мұқият бақылайды. Біз әрбір өнімнің ең жоғары стандарттарға сай болуын қамтамасыз ету үшін озық технологиялар мен әдістерді қолданамыз. Бір сөзбен айтқанда тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы өмір сүруі үшін қызмет етеміз»,- дейді кейіпкеріміз.    

       Бір өнімнің тұтынушыға жету жолында қаншама адам еңбек етеді. Татьяна секілді өз ісіне жауапты, ұқыпты мамандардың арқасында кәсіпорындардың жұмысы тоқтаусыз жүріп жатыр. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкенттік ұстаздар медаль тағынды
  • Тағдырға мойымаған чемпион
  • Болашақ аспаздар мамандықтарын ұлықтады
  • Шымқаланың студенттері оқ бойы озық шықты
  • Ағаштарға күтім жасау - оның сүйікті ісі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер