Жол саласында ғасырға жуық еңбек еткен әулет

image.png

Қазақта «ата жолын», «әке жолын қуған» деген керемет сөз бар. Бүгінде атадан қалған кәсібін  жалғастырып отырған әулеттер аз емес.  Мамандық таңдауда да бүгінде ұрпақтар сабақтастығы жалғасып келеді. Бір атаның балалары, бір үйдің перзенттері бір салада қызмет атқарып жүрген жандар арамызда жетерлік. Солардың бірі шымкенттік Сағынтаевтар әулеті.  Бұл отбасының үш буыны да жол саласында еңбек етіп келеді. Әулеттің ортақ еңбек өтілі бір ғасырға жуықтап қалған. 

Әулеттің ақсақалы Шәкірт Сағынтаев саналы ғұмырын жол саласына арнаған еңбек ардагері. «Жастарға еңбек етіңдер, оқыңдар,  білім алыңдар» деп үнемі айтып отырамын. Өзім ізденіп, оқыған кітаптарымды сақтап қойғанмын. Егер балаларым менің жолымды қуып жатса беремін деп. Менің еңбек жолым оларға үлгі болған шығар. Кейін  ұлым жолымды жалғастырып, мәртебемді көтеріп қойды»,- дейді әулеттің ақсақалы Шәкірт ақсақал. 

Әкесінің еңбек жолына қызығып өскен Қайрат бүгінде Ұлттық сапа орталығы Түркістан филиалында бөлім басшысы әрі инженер. Оның айтуынша, сапалы жол – ел экономикасының дамуына, гүлденуіне  тікелей ықпал етеді. Сондықтан әрбір материал мен технологияның дұрыс қолданылуына ерекше мән береді. Бүгінде ол кәсіби білімі мен тәжірибесін ұлына үйретіп, кәсіби дәстүрдің үзілмеуіне үлес қосып келеді.

 «Мен көп нәрсені әкемнен үйрендім. Енді сол алған ілім-білімді ұлыма да үйретіп жүрмін. Мамандығым өзіме ұнайды. Жол саласы қызықты әрі күрделі сала. Ұлым да қазір бізге қарап бой түзеп, осы саланы таңдады»,- дейді Қайрат Сағынтаев.  

Әулеттің үшінші буыны – Саят. «Әке көрген оқ жонар» демекші, ол қазір  колледжде жол құрылысы мен сапасын зерттеу мамандығында оқып жүр.  Сабақтан тыс уақытта атасы мен әкесінен   тәжірибе жинайды. Саят болашақта білікті маман болуды армандайды.

«Осы мамандықты таңдасам, дұрыс болады деген ой келді. Оның себебі менің әкем бұл салада жұмыс істейді. Атам да осы салада жұмыс істеген. Олар көп нәрсені біледі. Мен білмей қалған жерлерді үлкендерден сұрап, осы мамандықты игеріп, жақсы маман болып кетсем деп, осы мамандыққа келдім»,- дейді Саят Шәкірт.

     Ғасырға жуық еліміздің инфрақұрылымының дамуына өз үлестерін қосып, аянбай тер төгіп жүрген Сағынтаевтар отбасы жастарға нағыз үлгі болатын жанұя. «Жұмысшы мамандықтар» жылында осындай адал еңбектің жарқын үлгісін көрсетіп жүрген жандарды насихаттау біздің парыз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкенттік ұстаздар медаль тағынды
  • Тағдырға мойымаған чемпион
  • Болашақ аспаздар мамандықтарын ұлықтады
  • Шымқаланың студенттері оқ бойы озық шықты
  • Ағаштарға күтім жасау - оның сүйікті ісі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер