Жастардың жарқын болашағы – стратегиялық дамудың негізі

image.png

Қазақстан жан-жақты және түбегейлі реформалардың нәтижесінде дамудың жаңа даңғыл жолына түсті. Алда қарқынды әрі жүйелі жұмыс күтіп тұр. Осы бағытта біз айқын бағдарымыздан айнымай, нық қадаммен алға жылжуымыз қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында атап өтілгендей, жасанды интеллектіні кеңінен енгізу мен жаппай цифрландыру еліміздің барлық саладағы әлеуетін еселеп арттыруға бағытталған. Бұл — стратегиялық бағдарламамыздың негізгі басымдығы.

Сонымен қатар, ғылым мен білімге ұмтылған, ел игілігі мен жердің көркеюіне атсалысатын жастарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетін болады. Қолға алынған барлық ауқымды бастамалар мен жобалар ең алдымен жас ұрпақтың жарқын болашағын қамтамасыз етуге арналған.

Президент айтқандай, Қазақстан жасанды интеллектіні тек технологиялық жетістік ретінде емес, адамзат дамуына серпін беретін құрал деп есептейді. Дегенмен бұл салада белгілі бір тәуекелдер мен қауіптер де бар.

"Жасанды интеллект технологиялық, экономикалық және геосаяси теңсіздіктерді күшейтуі мүмкін. Сонымен қатар, этика нормалары бұл үдерістен кейін қалып қоймауға тиіс", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы ЖИ дамуы аясында әділеттілік, жауапкершілік және адам құқықтарын қорғау мәселелері халықаралық деңгейде жедел шешілуге тиіс екенін айтты.

"Бұл үшін әр ел ЖИ артықшылықтарын пайдалана алатындай ұжымдық күш-жігер қажет", - деді ол.

Қазақстан БҰҰ аясында Жасанды интеллектіні басқару жөніндегі жаһандық диалог бастамасын қолдайды және оның жұмысына белсенді атсалысуға дайын екенін мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, Қазақстанда жасанды интеллект экономика мен мемлекеттік қызмет көрсету секторларына кеңінен енгізілуде. Бұл бағытта базалық инфрақұрылым қалыптастырылып жатыр, ал дарынды жас мамандар оны жүзеге асыруға дайын.

"Біздің стратегиялық мақсатымыз – үш жыл ішінде Қазақстанды толық цифрланған елге айналдыру", – деді Мемлекет басшысы.

Электрондық үкімет те ұлттық даму стратегиясының негізгі элементі ретінде дамуда. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің шамамен 90 пайызы цифрлық форматта ұсынылады.

"Жуырда Қазақстанда ең қуатты ұлттық суперкомпьютер іске қосылды", - деп хабарлады Тоқаев.

Жасанды интеллект пен автоматтандырудың дамуы көптеген елде жұмыс орындарының қысқаруына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты Қазақстан кәсіптік білім беру мен қайта даярлау жүйесін күшейтуді маңызды міндет ретінде қарастырып отыр.

"Цифрлық прогресс кәсіптік білім берумен қатар жүруі қажет. Біз жұмыспен қамтуды арттырып қана қоймай, кәсіби мамандықтардың мәртебесін көтеруіміз керек", - деді Тоқаев.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкенттік ұстаздар медаль тағынды
  • Тағдырға мойымаған чемпион
  • Болашақ аспаздар мамандықтарын ұлықтады
  • Шымқаланың студенттері оқ бойы озық шықты
  • Ағаштарға күтім жасау - оның сүйікті ісі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер