Адал еңбектің құны бағалануы тиіс

image.png

«Адал еңбекпен мал іздемек – ол арлы адамның ісі» деп дана Абай айтқандай расында да, адамзат пайда болғаннан бері өзінің қажеттілігін тек еңбек арқылы қамтамасыз етіп келеді. Еңбек адамды адалдық, табандылық, жауапкершілік сияқты қасиеттерге баулып игілікке жеткізеді. «Әрбір адал адам адал еңбегімен адал табысқа жетеді». Бұл – Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтқан сөзінің бірі. «Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу» деген Президент осы құндылықтарды берік ұстанудың маңыздылығын айтты. «Адал еңбек – бүкіл жетістіктің бастауы, та¬бысқа жетудің кілті, мемлекет осы басты қағидат барлық жерде салтанат құруы үшін бәрін жасайды», деген Мемлекет басшысы бұл мәселеге ерекше мән беріп отыр. Алайда бүгінгі еңбек адамын «Еңбектің қоғамда қалыптасқан қадірі мен мәртебесіне оның құны қаншалықты сәйкес келеді?» деген сұрақ алаңдатады. Қоғамда қол еңбегінің қадірі мен мәртебесі ой еңбегінен төмен болмағаны дұрыс. Ол үшін еңбек адамдары өз құқықтары мен міндеттерін бес саусақтай білуі шарт. 

Осы орайда Шымкент қаласындағы  №12 мектептің жоғары сынып оқушылары үшін кездесу ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты — жас ұрпаққа құқықтық сауаттылықты және азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығын, еңбек адамының маңыздылығы мен құқықтары туралы  кеңінен түсіндіру. Кездесуге Қалалық кәсіподақтар орталығының төрағасы Бауыржан Әлтеев қатысты.

Кездесу барысында оқушыларға адал еңбектің қоғамдағы заңдылық пен тәртіптің негізі екендігі туралы айтылды. Адам өз еңбегін құрметтесе, ол ешқашан заңсыз әрекеттерге немесе қылмысқа бармайтыны баса айтылды.

Спикер сондай-ақ кәсіподақ қызметінің маңыздылығын түсіндірді. Оның айтуынша, кәсіподақ — бұл тек ұйым ғана емес, бұл әрбір еңбек адамының үні мен тірегі. Кәсіподақтардың міндеті – еңбек жолында әрбір азаматтың құқығын қорғау арқылы қоғамдағы әлеуметтік келісімді нығайту.

Кездесу соңында оқушылар тарапынан мамандарға көптеген сұрақ қойылды. Қойылған сұрақтарға жауап ретінде, өмірде дұрыс бағыт-бағдар алу үшін рухани құндылықтарға сүйену, ата-ананың тәрбиесін ұмытпай, еңбекке деген адалдықты қасиет тұту қажет екендігі туралы пікір білдірілді.

Бұл кездесу оқушыларға «Заң және Тәртіптің» тек ресми ұғым емес, әрбір азаматтың күнделікті өміріндегі басты қағида екенін көрсетті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкенттік ұстаздар медаль тағынды
  • Тағдырға мойымаған чемпион
  • Болашақ аспаздар мамандықтарын ұлықтады
  • Шымқаланың студенттері оқ бойы озық шықты
  • Ағаштарға күтім жасау - оның сүйікті ісі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер