Жас мамандарды қолдау - игі іс

image.png

Шымкент қаласының мәдени өмірінде айрықша орын алатын «Шымкент концерт» концерттік ұйымының (филармония) шығармашылық жолында жас буынның орны ерекше. Директор Бейсеқожаев Нұрсат Саттарұлы басқаратын ұжымдағы көптеген жетістіктер жаңашыл ойлар мен жалынды жігерге толы жас мамандардың арқасында мүмкін болуда.

Ұжымның құрамында өнер әлеміндегі есімі әлемге танымал Зәуре Әжібекова жетекшілік ететін, талантты бишілерден құралған «Қазына» би ансамблі бар. Бұл топ — филармонияның мақтанышы ғана емес, сонымен бірге Қазақстан өнерінің әлемдік деңгейдегі көрсеткіші.

Филармонияның жас ұжымы тек би өнерімен ғана емес, сонымен бірге вокал өнерімен де танымал. Ұжымда халықаралық байқаулардың лауреаттары атанған дарынды әншілер қызмет етеді. Солардың бірі — 1983 жылы Төлеби ауданында дүниеге келген Байкен Құрманалиев Мұратұлы. Ол Шымкенттегі Саз колледжін бітіріп, бүгінде «Шымкент концерт» ұйымының эстрада әншісі ретінде тыңдарманның ыстық ықыласына бөленіп жүр.

Осы талантты жастарды біріктіру және олардың мүддесін қорғау мақсатында жаңадан бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды. Ұйымды Атабекова Жанбота Орынтаевна басқарады. Ол – 367 қызметкерді біріктіріп, жас мамандардың кәсіби тұрғыда өсуіне және бір-біріне қолдау көрсетуіне арналған платформа. Бұл ұйым – тек қана бірлестік емес, сонымен қатар болашақ көшбасшылардың тұлға болып қалыптасу алаңы.

Кәсіподақтың алдағы жоспарлары да ауқымды және қызметкерлердің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.

Қыркүйек айында «Білім күніне» орай, қызметкерлер арасындағы көпбалалы аналарға мектепке қажетті құрал-жабдықтармен көмек көрсетілді. Бұл бастама әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға нақты көмек көрсетуге бағытталған.Сондай-ақ қызметкерлерді шипажайларға жіберуді жоспарлап отыр, жолдама құнының 50 пайызын кәсіподақ өтейді. Бұл – еңбекшілердің денсаулығын жақсартуға және демалуына мүмкіндік беруге бағытталған маңызды қадам.

      «Шымкент концерт» филармониясының кәсіподақ ұйымы қызметкерлердің мүддесі үшін белсенді жұмыс істеуді жалғастырады. Ұйымның бастамалары ұжымдық бірлікті нығайтып, қызметкерлердің еңбекке ынтасын арттыра түсетіні сөзсіз.

     Жас ұжымның күші мен жігері — филармонияның шығармашылық дамуының негізі. Олар Шымкент қаласының мәдени өмірін жаңа белестерге көтеріп, өнерге деген құштарлықты одан әрі арттыра түседі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкенттік ұстаздар медаль тағынды
  • Тағдырға мойымаған чемпион
  • Болашақ аспаздар мамандықтарын ұлықтады
  • Шымқаланың студенттері оқ бойы озық шықты
  • Ағаштарға күтім жасау - оның сүйікті ісі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер