Шымкентте мұнай-газ саласына арналған форум өтті

image.png

Шымкенттегі  политехникалық колледжінде мұнай және газ өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған «Мұнай және газ саласындағы инновациялық технологиялардың дамуы» тақырыбында кәсіби қалалық форум өтті. 

Іс-шараның мақсаты - жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру, жастарды кәсіптік білімге ынталандыру, әлеуметтік серіктестетер мен оқу орны арасындағы ынтымақтастықты нығайту, техникалық мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға ықпал ету.

Жиынға арнайы шақырылған Шымкент қалалық әдістемелік орталықтың Ш.Айтбаева, «ПКОП» ЖШС техникалық бөлімінің жетекші инженері Н.Мусманов, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің инженері Е.Мамытов, өндірістік бақылау және механикалық тұтастық бөлімінің аға инженері А.Жұмаев қатысты.

Өндіріс және білімнің коллаборациясы аясында «ПКОП» ЖШС инженерлік құрылымдарының өкілдері заманауи өндіріс орындарының кадрлық сұранысы мен серіктестіктің артықшылықтарын атап өтті.

 Нұрсұлтан Мусманов 2006-2010 жылдары осы колледжде жұмысшы мамандығы бойынша білім алған. Қазір Шымкент мұнай өңдеу зауытында жетекші инженер. Форумға арнайы келіп, студенттерге үлгі көрсетті.

 «Осы мекемеде мұғалімдердің берген білімінің арқасында жетістіктерге жеттік. Колледж ұжымына алғысым шексіз»,- деді ол өз сөзінде.

 Форум «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылды. Мұнай-газ саласындағы жаңа технологиялар, техникалық мамандарды даярлау және өндірістік тәжірибені жетілдіру мәселелері талқыланды.

 « Жыл аясында бірнеше шаралар өткізіп жатырмыз. Әлеуметтік серіктестер мен түлектерді шақырып, болашақ мамандарға мотивация береміз»,- дейді әдістемелік кабинет меңгерушісі Дана Балабекова.  

Шара барысында 2010 жылы оқуды тәмамдаған колледж түлектері өздерінің қазіргі кәсіби жетістіктері туралы бөлісіп, студенттерге мотивация берді. Форум соңында қатысушылар марапатталып, алғыс хаттар табысталды.  Сондай-ақ іс-шарада  жас мамандардың әлеуетін арттыру, білім мен өндіріс арасындағы байланысты күшейту және тәжірибе алмасу жолдары жан-жақты қарастырылды. Форум жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы беделін арттыруға бағытталған нақты қадамдардың бірі ретінде бағаланды.

Бұл форум - мереке ғана емес, «ПКОП» ЖШС мен колледж арасындағы ынтымақтастық студенттерге заманауи өндірістік ортаға енуге және кәсіби дағдыларын дамытуға зор мүмкіндік береді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкенттік ұстаздар медаль тағынды
  • Тағдырға мойымаған чемпион
  • Болашақ аспаздар мамандықтарын ұлықтады
  • Шымқаланың студенттері оқ бойы озық шықты
  • Ағаштарға күтім жасау - оның сүйікті ісі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер