Дәнекерлеуші мамандарына құрмет көрсетілді

image.png

"Біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады" деді Президент. Ия, жұмысшы мамандығы әрқашан мақтауға лайық. Себебі, маңдай терін төгіп, қиындаққа мойымайтын, еңбек ететіндер ғана жетістікке жетеді.

Ауыл партиясы атынан сайланған Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, призидум Төрағасы Айтбаев Талғат Ергенұлы құрылыс саласының алғы шебінде жүрген данекерлеуші мамандарды арнайы қабылдап, олардың ой-пікірлеріне құлақ түрді. Кездесу барысында мамандар еліміздің дамуына өз үлесін қосып жүрген қарапайым еңбек адамдары екенін айта отырып, Ауыл партиясының қатарына қосылуға ниет білдірді. Осылайша жаңа "Дәнекер" бастауыш партия ұйымы құрылып, елге адал қызмет етуді мақсат еткен азаматтарға электронды партиялық билеттер мен төсбелгілер табысталды.

Бұл бастама – еңбектің қадірін білетін қарапайым халықтың партиямызға сенім артқанының айқын дәлелі. "Дәнекер" ұйымының құрылуы – тек бір бастау ғана. Ол алдағы уақытта еңбек адамдарының мүддесін қорғап, олардың үні бола алатын үлкен қадамға айналары сөзсіз.

Дәнкерлеуші - темірмен тілдесіп, от пен ұшқынның ортасында жүретін маман. Дәнекерлеу – ауыр еңбек. Қауіп-қатері де, жауапкершілігі де зор. Дәнекерлеуші – еліміздің еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Дәнекерлеуші – темір мен оттың тілін таба білген, еңбегімен елдің іргесін бекемдеген нағыз шебер. Бұл кәсіп – қарапайым жұмыс емес, үлкен дәлдік пен шеберлікті, төзімділік пен жауапкершілікті талап ететін дәрежелі мамандық.

Дәнекерлеуші мамандығы – кез келген өнеркәсіп нысанының негізі. Олар түрлі материалдарды жоғары температурада біріктіріп, мықты конструкциялар жасайды. Бұл – көзге көрінбейтін, бірақ кез келген ғимараттың, құрылғының, көліктің жүрегі саналатын жұмыс. Құрылыс нысандары, құбыр жүйелері, зауыттар, теміржол – барлығы да дәнекерлеушілердің қолынан өтеді. Олардың еңбегі – көзге көп көрінбейді, бірақ нәтижесі – ел тіршілігінің тұтқасы.

Жұмыс қауіпті, физикалық күш те қажет. Арнайы киіммен, шлеммен жұмыс істеп, от пен ұшқын арасында сағаттап тұру – оңай емес. Алайда дәл осы мамандық иелерінің арқасында елімізде өндіріс орындары тоқтамай, құрылыс қарқыны бәсеңдемейді. Дәнекерлеушілердің еңбегімен Қазақстандағы өнеркәсіптік зауыттар, мұнай-газ құбырлары, көпірлер мен металл конструкциялар салынып жатыр. Мысалы, Қарағанды металлургия комбинаты, Атырау мұнай өңдеу зауыты, Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы көп қабатты үйлер мен нысандардың қаңқасы дәнекерлеушілердің еңбегімен тұрғызылған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкенттік ұстаздар медаль тағынды
  • Тағдырға мойымаған чемпион
  • Болашақ аспаздар мамандықтарын ұлықтады
  • Шымқаланың студенттері оқ бойы озық шықты
  • Ағаштарға күтім жасау - оның сүйікті ісі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер