Табанды еңбек нәтижесін береді

image.png

Еңбек адамы құрметке лайық деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі. Халқымызда «Жұмыстың көзін тапқан байлықтың өзін табады» деген сөз бар. Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алады. Бұл түсінікті қоғам санасына сіңіру қажет. Азаматтарға құрметті атақ берудегі түпкі мақсатымыз да – осы. Бұған дейін мұғалімдерге, дәрігерлерге және мәдениет қайраткерлеріне осындай атақтар беріле бастады. Бұл – өте жақсы бастама, оның аясын кеңейту керек», — деп нақты тапсырма берген болатын. Президенттің бастамасы бүгніде жалғасын тауып, елде, ауыл-аймақ мен шаһарда еңбек адамдары ұлықталып, олардың қызметі мен міндеттері елге таныстырылуда. Біз де Шымкенттің дамуына үлесін қосып келе жатқан жұмысшы маманмен таныстырғымыз келеді. 

Плётнов Сергей -  қаладағы «Қазығұрт» ЖШС  мекемесінде  қазандық цехының басшысы қызметін атқарады.  Қарапайым маман  табанды еңбегі, адалдығы және мол тәжірибесінің арқасында өндірістің дамуына зор үлес қосып келеді. Ол әріптестері арасында сый-құрметке ие болып, жас мамандарға өнеге көрсетіп жүрген жанның бірі.

«Бұл мекемеде 2016 жылдан бері еңбек  етіп келемін. Алғашқы кезде машинист қызметін атқардым. 2023 жылдан бастап цех басшысы қызметіне кірістім. Ұжымымыз өте керемет. Ынтымағымыз берік. Басшымыз қарамағындағы қызметкерлерге өте жақсы қарайды. Біздің көзқарасымызға, ой-пікірлерімізге, өтініштерімізге де  құлақ асады. Біздің жұмыста арнайы білім керек және техникалық қауіптсіздік ережелерін қатаң сақтану керек.  Сонда ғана әр қызметкер өз денсаулығын сақтай отырып,  жұмысын сапалы атқара алады. Мен өз мамандығымды, жұмысымды, ұжымымды жақсы көремін. Ел үшін, тұрғындар үшін әрдайым адал қызмет етуге қашанда дайынмын»,- дейді кейіпкеріміз. 

Осында өткізген  9 жыл ішінде Сергей  таңдауына еш өкінген емес. "Еңбек адамы" 100 пайыз өз ісін тапқанына сенімді. Оның үстіне, ұйымшыл ұжымға түсіп, жолым болды, дейді. Кез келген жұмыс орнына ең қажет нәрсе осы деп санайды.

Бүгінгі таңда еңбек адамына құрмет – қоғамның басты парызы. Шымқаламыздың  қарапайым жұмысшыларының  маңдай тері – шаһар  дамуына қосылған зор үлес деп білеміз. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тағдырға мойымаған чемпион
  • Ағаштарға күтім жасау - оның сүйікті ісі
  • Шымкентте Smart City технологиялары мен әуежай инфрақұрылымы дамуда
  • Шымкентте 304 шақырым жол жаңартылды
  • Шымкент:Шағынаудандарда қауіпсіздік нығаяды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер