Вагон жөндеуші Нұрбақыт

image.png

Мегаполистің мұнай-газ секторында Шымкент мұнай өңдеу зауыты - «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС атауымен танымал. Бұл Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауытының бірі және республикада өндірілетін мұнай өнімдерінің жалпы көлемінің 40%-ын құрайды. Қара алтынды өңдеп, ел игілігіне жарату жолында мыңдаған мамандардың еңбек ететіні белгілі. Қарапайым жұмысшыдан бастап, лауазымды қызметтегі мамандардың бірлесе күні-түні жұмыс істеуінің арқасында ел экономикасы гүлденуде. Мұнай өңдеу  күрделі әрі ауқымды сала. Ал сіз мұнай өнімдерін тасымалдайтын пойыз вагондарын жөндейтін, оларды жуып-тазалайтын мамандардың барын білесіз бе? Мұндай жұмыстармен қаламызда «Қазығұрт» ЖШС мекемесі айналысады. Міне, осы мекеменің белді қызметкері бүгінгі мақаламызға өзек болып отыр.

   Аталмыш мекеменің тәжірибелі инженері Нұрбақыт  Қарабалаев -  өз ісіне адалдығымен және кәсіби біліктілігімен ерекшеленеді. Ол өндірістік процестердің сапалы атқарылуына, еңбек қауіпсіздігін сақтауға және жаңа технологияларды тиімді енгізуге жауапкершілікпен қарайды. Нұрбақыттың табандылығы мен еңбегі ұжым арасында зор құрметке ие болып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді.

«Осы мекемеде 16 жылдан  бері еңбек етіп келемін. Біздің мекеменің міндеті вагондарды, цистерналарды жуып тазалау және ақаулары болса жөндеу жұмыстарын жүргізу болып табылады. Яғни Шымкенттегі мұнай өңдеу  зауытымен тығыз жұмыс істейміз. Мұнай өңдеу зауытында әртүрлі мұнай өнімдері Қазақстан бойынша жеткізіледі. Біздің мекеме осы  жұмыстарға ат салысады. Бұл мекемеде жұмыс істеген өзіме ұнайды және мамандығымды мақтан тұтамын»,- дейді кейіпкеріміз. 

Әрине, әр саланың өз қиындығы мен қызығы болады. кәсібінің шебері болу – әрбір жанның мамандыққа деген жауапкершілігінен бастау алары сөзсіз. Жаздың аптап ыстығы мен қыстың қақаған аязында қолайсыз жағдайлардың бел ортасында жүретін еңбек адамының қызметі ерен. 

Нұрбақыт Қарабалаев  – өз ісінің шебері. Жауапкершілігі мол жан. Ол жұмысында қателікке жол бермеуге барын салады. Себебі оның қателігі өзгелерге кесірін тигізетінін ол жақсы түсінеді. 

Нәпақасын маңдай тер, адал еңбектен тауып жүрген кейіпкеріміз Нұрбақыт Нұрмахамбетұлының  ісі көпке үлгі. Ауыр еңбектің ыстығы мен суығына қатар төзетін еңбек адамы қашанда мақтанышымызға айнала бермек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тағдырға мойымаған чемпион
  • Ағаштарға күтім жасау - оның сүйікті ісі
  • Шымкентте Smart City технологиялары мен әуежай инфрақұрылымы дамуда
  • Шымкентте 304 шақырым жол жаңартылды
  • Шымкент:Шағынаудандарда қауіпсіздік нығаяды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер