Өнер десе ішкен асын жерге қоятын кезекті кейіпкеріміз ерекше жан. Ол бүгінгі таңда бар күш жігерін қазақ би өнеріне арнап, тынымсыз еңбек етіп келеді. Оның өмір жолы өзгелерге үлгі , ал жастарға мотивация береді.
Ермек Қалымбетов Түркістан облысы Сайрам ауданың Жібек жолы Сиқым ауылында 1991 жылы 10-шы қарашада Қалымбетовтер шаңырағында дүниеге келген. Анасының құрсағынан мүгедек болып туылған бала тағдырға дес бермей, бар қиындықты өнері арқылы, таланты арқылы жеңіп келеді.
Шымкент қаласының тұрғыны Ермек 1 топтағы мүгедек болуына қарамастан көптеген жарыстарға қатысып, ел намысын қорғаған. 2016-жылы қарашада Қытайда өткен спорттық Қол арба би жарысынан Азия чемпионатына 1-орын жүлдегері, 2017-жылы Әлем чемпионатына жолдама алуға қатысып 1-орынды иемденген, Бельгияда өткен әлемдік додада 22-мемлекет арасынан 5-орын жүлдегері, 2018 жылдың қыркүйек айында Тайвань мемлекетінің астанасы Тайбэй қаласында Әлем чемпионатына жолдама алуға қатысып, тағы да 22 мемлекеттің қатысушылары арасынан І-орынды жеңіп алған. 2019 жылы сәуір айында Голландия мемлекетінде өткен Халқаралық спорттық қол арба би жарысының екі түрінен 1 және 2-ші орындар алып, әлем чемпионатына жолдаманы ұтып алған. 2019 жылы қыркүйек айында Ресей мемлекеті Санкт-Петербург қаласында өткен Қол арба би жарысынан Әлем кубогінің 3-ші орын жүлдегері, Қытай мемлекетінің жанында орналасқан автономиялық мемлекеті Тайвань елінде халықаралық спорттық қол арба би жарысының 2, 3-ші орын иегері, 2019 жылдың 27 қараша айы мен 1 желтоқсан айы аралығында Германия мемлекетінің Бон қаласында өткен мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы спорттық қол арба би жарысынан Әлем чемпионатының 3 орын қола жүлдегері иесі атанған. Сондай-ақ ол жеңіл атлетикамен де айналысады.
Бала кезінен мүгедектерге арналған қол арбаға таңылған Ермектің өмірге деген құштарлығы мен қүресін қалыптастырған жыласа бірге жылап куанса бірге қуанған Шолпан ананың қосқан үлесі зор. 1998 жылы 7 жастағы Ермек Төлеби ауданындғы Көксәйек ауыл округында орналасқан Тірек қимыл апараты бұзылған, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мектеп интернатына 1 сыныпқа қабылданды. Өзі секілді мүмкіндігі шектеулі жандар арасында Ермектің қоршаған ортаға үйренуіне және қалыптасуына достары үлкен үлес қосып сол жерде 9 жыл білім алды. 2007-2009 жыл Ермек үйде оқу тәсілімен 10 мен 11-ші сыныпты аяқтап шығуына анасы Шолпанның білікті де білімді ұстаз мамандығы көптеп жәрдем етті. 2010-2013 жыл аралығында Сайрам ауданында орналасқан Агро колледжде Программист маманы бойынша бітіріп дипломын алды . Ермек «№8 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мекемесінде 2015 жылдан бастап музыкалық жетекші болып қызмет атқарып келеді. Жұбайы Әлия екеуі Алина есімді қыз өсіріп отыр.
Би бойынша Әлем чемпионы, сондай-ақ жеңіл атлетикадан Паралимпиада Әлем чемпионы Ермек Жорабекұлы жақында Үміт бастауыш партия ұйымының төрағасы болып сайланды. Оның өмір жолы мен жеңістері – жастарға жігер беретін нағыз үлгі.
Бүгінгі таңда Ермек қазақ елінің көк туын озге мемлекеттердің көгінде желбіреткен, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шексіз мүмкіндік иесі, үлкен мативатор .