Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Жол-көлік колледжінде «2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.
Қалалық деңгейде ұйымдастырылған салтанатты жиынға Шымкент қаласы білім басқармасының Ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы Мықтыбек Нарботаев, «АMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшы орынбасары Ербол Байқонысов, Шымкент қаласы мәслихат депутаты Альбина Елшиева, ардагер ұстаздар, ШҚББ қарасты Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, оқытушылары мен қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, сонымен қатар жастарды еңбек өміріне интеграциялаудың, олардың еңбек нарығындағы жағдайларға бейімделу процесін жеңілдетудің тиімді тетігіне айналған әлеуметтік әріптестер де қатысты.
Іс-шара барысында болашақ жас мамандарды шығармашылыққа баулып, білім кеңістігіне шығу жолында бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырып, сапалы білім, саналы тәрбие беруде жетістікке жеткен оқытушылар мен өз ісінің шебері бола білген қызметкерлер, жұмысшы мамандарды даярлап отырған ұлағатты ұстаздар, ТжКББ ардагер ұстаздары марапатталды.
ТжКББ жүйесінің тарихи жолын көрсететін бейнеролик көрсетіліп, арнайы көрме ұйымдастырылды. Ардагерлер мен педагогтер және жұмысшы әулеттерінің өкілдері сөз сөйлеп, елімізде алғаш рет тойланып отырған кәсіби мереке өкілдеріне жылы лебіздерін білдірді. Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Бұл өз кезегінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің біртұтас миссиясын, құндылықтарын айқындайтын маңызды шара болды.
Айта кетейік, жұмысшы мамандықтары жылы шеңберінде «Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2025 жылғы 30 шiлдедегi № 232 бұйрығымен 2 қазан - Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жұмыскерлері күні деп белгіленіп, республикамыздағы кәсіби мерекелер тізбесіне енгізілген болатын.