«2 қазан-Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні» кәсіби мерекесін 23 қыркүйек пен 2 қазан аралығында атап өту тұжырымдамасы аясында «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК білім беру ұйымында салатанатты іс-шара өткізілді.
Атаулы іс-шараға білім басқармасының бас маманы А.Ж. Рустемова, білім беру жүйесінің ардагерлері,педагогтер әулетінің өкілдері, жұмыс берушілер мен колледж студенттері қатысты.
Марапаттау рәсімінің негізгі мақсаты: ұрпақтар сабақтастығын, жұмысшы мамандықтарының маңызын және еліміздің дамуына қосқан ТжКББ-ның негізгі рөлін айқындау.
Болашақ аспаздар жиылған жұрт алдында «Елдік» тақырыбында челлендж ұйымдастырып, "Алғыс лентасын" біріктірді. Колледж студенттерінің белсенділігімен «ТжКБ әуені» атты ауқымды бастама бастау алды. Бұл жоба студенттерге, оқытушыларға және өзге де қызығушылық танытқан тұлғаларға арналған.
Іс-шара барысында студенттер сонымен қатар ерекше флешмоб өткізді. «ТжКБ жүрегі» флешмобы барысында барлық студенттер мен оқытушылар үлкен жүрек пішінінде сапқа тұрып, ТжКБ жүйесіне деген ортақ сүйіспеншілікті бейнеледі. Бұл көрініс — бірлік пен ынтымақтың, кәсіби тұтастық пен өзара құрметтің жарқын символына айналып, білім беру саласындағы ортақ құндылықтарды ұлықтады.
Флешмоб — кәсіби білім берудің қоғамдағы орнын айшықтап, студенттер мен оқытушылар арасындағы ынтымақтастық пен ортақ мақсатқа деген сенімді нығайтты.
Сондай-ақ он күндік аясында "PROFМарафон: Мейірім" жобасы ұйымдастырылды. Аталған әлеуметтік жоба аясында колледж студенттері мен өндірістік оқыту шеберлері Шымкент қаласы жұмыспен қамту әлеуметтік қорғау басқармасының "№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және қандастарды бейімдеу орталығы” КММ не барып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Мекемеде орналасқан аналар кондитер өнімдерінің жасалу түрлерін үйреніп, өз қолдарымен жасап та көрді. Мейіріммен жасалған тәтті өнімдер, отбасы мүшелеріне тарту етілді.
Жиын кезінде «Болашаққа хат» – ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, дәстүрлерді орнықтыруға, қауымдастық пен мұра сезімін қалыптастыруға бағытталған мәдени-тарихи жобасы жүзеге асырылып, колледж қабырғасына орнатылды.
Жас педагогтерді мамандыққа қабылдау рәсімі,ТжКББ жүйесі қызметкерлерін марапаттап, сондай-ақ студенттердің концерттік бағдарламасымен ұласты.