«Бейнелеу енері саласындағы көркемдік және кәсіптік оқытудың заманауи тәсілдері» атты халықаралық се

image.png

Шымкент қаласында «Бейнелеу енері саласындағы көркемдік және кәсіптік оқытудың заманауи тәсілдері» атты халықаралық семинар өтті. Қалада алғаш рет бейнелеу өнеріне арналған халықаралық семинар Қазақстан және шетел суретшілері, педагогтар мен зерттеушілер үшін тәжірибе алмасудың ашық алаңына айналды. Іс-шара барысында өнер біліміндегі инновациялық технологиялар, арт-терапия, дәстүрлі және жаңа тәсілдер жайлы баяндамалар тыңдалды. Семинарға  Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресейден, сондай-ақ Астана мен Алматыдан келген онға жуық маман қатысты. Олар бейнелеу өнеріндегі соңғы жетістіктерді ортаға салып, жас буынға білім берудің жаңа әдістерін талқылады. Сонымен қатар, бүгінгі таңда шығармашылық салада туындап отырған өзекті мәселелер де назардан тыс қалған жоқ.

«Семинарға шет мемлекеттерден спикерлер қатысып отыр. Жиынның мақсаты  өнер саласындағы жұмысшы мамандарды даярлап отырған шетелдік және жергілікті  ұстаздардың өзара бір-бірімен тәжірибе алмастыру және студенттерге білім берудің жаңа, заманауи тісілдерін талқылау және енгізу»,- дейді   Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемедік орталығы бөлімінің әдіскері Аққанат Бегалықызы. 

Жиын Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің ұйымдастыруымен өтті. Колледж ұжымы халықаралық байланыстарды нығайтып, студенттердің кәсіби шыңдалуына жол ашуды мақсат тұтады. Сарапшылардың айтуынша, өнерді дамытудағы басты бағыт – теорияны тәжірибемен ұштастыру. Яғни, жас суретшілердің қабілетін жаңа технологиялармен, заманауи әдістермен үйлестіру. Алғаш рет ұйымдастырылған бұл халықаралық семинар шығармашылық ортаға тың серпін берді. Сарапшылардың пікірінше, мұндай шаралар бейнелеу өнеріндегі кәсіби оқытудың сапасын арттырып қана қоймай, жас таланттардың қанатын кеңге жаюына жол ашады.

«Жиында шетелдік әріптестеріміз студенттерге білім беруде қандай тәсілдерді қолдануда, инновациялық жобалар жүзеге асырылып жатыр ма деген маңызды сұрақтар қаралды. Өз басым өндірістік оқыту шебері болғандықтан білімімді шыңдап, білім беру саласындағы  тәжірибеден хабардар болу үшін еліміздегі  түрлі шараларға, симпозиумдарға қатысып тұрамын. Содан неге өзіміздің колледжде халықаралық семинар өткізбеске деген ой келіп, соны жүзеге асырдым. Бұл жиын алғашқы рет өтіп тұрғандықтан біздер көптеген тәжірибе жинақтадық»,- дейді  Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің оқытушысы Қарлығаш Қансейіт. 

Сарапшылардың айтуынша өнерді дамытудағы басты бағыт теорияны тәжірибемен ұштастыру, яғни жас суретшілердің қабілетін жаңа технологиялармен, заманауи әдістермен үйлестіру. Жиында мамандар бейнелеу өнерінде жасанды интеллектті қолдана отырып, өз шығармашылықтарын шыңдау, өз фантазияларын, ойларын заманауи құрал арқылы жеткізу керектігін баса айтты. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкенттік ұстаздар медаль тағынды
  • Тағдырға мойымаған чемпион
  • Болашақ аспаздар мамандықтарын ұлықтады
  • Шымқаланың студенттері оқ бойы озық шықты
  • Ағаштарға күтім жасау - оның сүйікті ісі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер