Шымкент қаласының әкімдігі, «YDA Group» компаниясы және «Integra Construction KZ» ЖШС өкілдерінің қатысуымен өткен бір ай бұрынғы кездесуде 117 гектар аумақты кешенді дамытуға арналған бас жоспар таныстырылды. Бұл жоба заманауи тұрғын ауданын және көпфункционалды инфрақұрылымды қалыптастыруға бағытталған.
Жоспар аясында тұрғын үйлер салумен қатар білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарын енгізу қарастырылған. Кездесу барысында 2 миллиард АҚШ долларынан асатын инвестициялық жобаны іске асырудың негізгі кезеңдері мен шешімдері талқыланды.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков инженерлік инфрақұрылым мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға ерекше мән берілгенін атап өтті. Сонымен қатар, жобаны жүзеге асыру барысында кешенді тәсіл қолданылып, халықаралық сапа және экологиялық қауіпсіздік стандарттары қатаң сақталатыны атап өтілді.
Жиында заманауи ойын-сауық саябағын салу мүмкіндігі де қарастырылып, оның қала тұрғындары мен қонақтары үшін тартымды орынға айналып, ішкі туризмді дамытуға септігін тигізетіні айтылды.
Компания өкілдері конструктивті диалог пен қала дамуына деген белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді. Қала әкімдігі өз тарапынан жобаны уақтылы және тиімді іске асыруға барлық қажетті қолдауды көрсетуге әзір екенін хабарлады. Бұл жоба Шымкент қаласының келбетін арттырып, экономикалық дамуына елеулі үлес қосатын маңызды бастама болып табылады.
Айта кетейік, 1998 жылы негізі қаланған "Integra Construction KZ" ЖШС темір жолдарды, автомобиль жолдарын реконструкциялау мен жөндеуді, көлік - логистикалық кешеннің инфрақұрылымдық жобаларын іске асыруды қоса алғанда, жобаларды салуға және басқаруға маманданған, тұрғын үй және азаматтық, өнеркәсіптік, гидротехникалық құрылыс жобаларын, инженерлік желілерді, құрылыстарды және тағы басқа көптеген жобаларды іске асырады. Компания теміржол саласындағы жөндеу кәсіпорнынан бастап, ауданы бойынша әлемде 9-шы орында тұрған елдің құрылыс нарығындағы ірі ойыншыға дейін үлкен жолдан өтті. "Integra Construction KZ" ЖШС - магистральдық, өнеркәсіптік және кірме теміржол жолдарының жоғарғы құрылысын жөндеу бойынша Қазақстан Республикасындағы ең ірі кәсіпорын, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш темір жол құрылысшысы болып саналады. Компанияның есебінде халықаралық және Республикалық маңызы бар көліктік-логистикалық кешеннің үлкен құрылыс жобалары бар.
Компания заманауи техника мен жабдықтардың толық кешеніне ие, аттестатталған сапа зертханасы, сондай-ақ Қазақстан аумағында және шетелде жабдықтар мен материалдарды жеткізушілерді қоса алғанда, құрылыс нарығында сенімді серіктестері бар, бұл "толық аяқталған"ең күрделі жобаларды орындауға мүмкіндік береді. Компания жоғары деңгейде сапалы және жедел жұмысты жүзеге асырады және мүдделі тараптардың қажеттіліктерін толық қанағаттандырады.
Саланың көшбасшысы және ішкі нарықтың өз сегментінде табысты бәсекелестікке ие бола отырып, «Integra Construction KZ» ЖШС халықаралық деңгейге шығу үшін белсенді жұмысты бастады. Компания ағымдағы жобаларға сәйкес әлемнің әртүрлі елдерінде филиалдарын ашқан: БАӘ, Грузия, Италия, Ауғанстан, Әзірбайжан, Словакия, Ресейде өкілдігі бар. Компания ірі консорциумдар құрамында Еуропа мен Таяу Шығыстың нарықтарына шығады.
20 жылдан астам тәжірибесі бар компания осы жетістіктерімен тоқтап қалмай нарықта жаңа бағыттарды ашып, ірі жобаларды іске асыруда: тұрғын үй және азаматтық, гидротехникалық құрылыс, инженерлік желілер мен құрылыстар, сондай-ақ тағы басқалар. Компаниның үшінші мегаполисте ауқымды жобаларды жүзеге асыруы қаланың экономикасы мен сәулетіне ерекше серпін беретіні анық.