Ауыл шаруашылығының әлеуеті зор

 image.png

     «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Қайрат Қапарұлы Айтуғанов жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келіп, қала әкімі Ғабит Әбдімәжитұлымен кездесу өткізді.

     Тараптар агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өзекті мәселелеріне, оның ішінде балық шаруашылығын қолдау бағыттарына айрықша назар аударды. Балық өндірісін дамыту – тұрғындарды сапалы әрі экологиялық таза өнімдермен қамтамасыз ету, сондай-ақ өңірдің экспорттық әлеуетін арттыру үшін маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Кездесу барысында төмендегідей мәселелер қарастырылды: заманауи балық фермаларын құру және қолданыстағы шаруашылықтарды жаңарту; өндірістік технологияларды енгізу арқылы өнімділік пен сапаны арттыру; жергілікті кадрларды оқыту және мамандандырылған білікті кадрлар дайындау; өнімнің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және экспортқа шығару жолдарын қарастыру.

  Кездесу барысында Шымкент қаласының инвестициялық мүмкіндіктері, жаңа жобаларды тарту және шағын-орта бизнеске қолдау көрсету мәселелері де талқыланды. «Ауыл» партиясының өкілі Қайрат Айтуғанов аймақтық және республикалық деңгейде агроөнеркәсіп саласындағы тәжірибені бөлісу және бірлескен жобаларды іске асырудың тиімді тетіктері туралы пікір алмасты.

     Осы орайда, екі жақты басқосуда  2026 жылдың 10-11 сәуір күндері «Ауыл» партиясының бастамасымен Шымкент қаласында тұңғыш рет ұйымдастырылатын «Auyl Fest» халықаралық ауыл шаруашылығы фестивалін өткізу мәселесі жан-жақты қаралды.

    Бұл ауқымды іс-шара еліміздің және шетелдің ауыл шаруашылығы саласындағы мамандары мен инвесторларын біріктіріп, отандық өнімді халықаралық деңгейде насихаттауға және озық технологияларды енгізуге бағытталған стратегиялық маңызы бар жоба ретінде бағаланды.

    Кездесу қорытындысы бойынша, алдағы дайындық және ұйымдастыру жұмыстарын тиімді үйлестіру мақсатында тараптар арнайы жұмыс тобын құру туралы келісімге келді. Бұл шешім бірлескен жобалардың нақты және жедел іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ретсіз сауда орындарымен күрес күшейген
  • Депутат тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге көмектесті
  • Дәнекерлеуші: өндірістің тірегі
  • Ауыл шаруашылығының әлеуеті зор
  • Шымкентті дамытуға әрбір тұрғын үлес қоса алады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер