Бітіруші топтармен кәсіби бағдарлау кездесуі өтті

image.png

    Шымкент қаласындағы М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің «MANSAP» орталығы мен «Мирас» университеті арасындағы келісім аясында бітіруші топ студенттерімен кәсіби бағдар беру мақсатында ақпараттық кездесу өтті.

     Шараның негізгі мақсаты – студенттерді жоғары білім алу мүмкіндіктерімен таныстыру, мамандық таңдау бағытында дұрыс шешім қабылдауына қолдау көрсету және жоғары оқу орнына қабылдау тәртібі туралы жан-жақты ақпарат беру болды.

    Кездесу барысында «Мирас» университетінің өкілдері оқу бағдарламалары, гранттық мүмкіндіктер, оқу формалары, академиялық артықшылықтар және студенттерге ұсынылатын қосымша қолдау түрлері жайында баяндама жасады. Сонымен қатар, бакалавриат бағыттары, дуалды оқыту жүйесі, халықаралық серіктестік бағдарламалары мен студенттік өмір туралы мәліметтер ұсынылды.

     Университет өкілдері:

- білім беру бағдарламалары жөнінде жан-жақты мәлімет ұсынды;

- университеттің инфрақұрылымы мен оқу ортасы туралы бейнематериал көрсетті;

- қабылдау талаптары, грант мүмкіндіктері, оқу формалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді;

- студенттерге ақпараттық буклеттер таратып, сұрақтарына жауап берді.

    «Бұл кездесуден кейін жоғары оқу орнына түсудің жолдары, грантқа құжат тапсыру талаптары жөнінде көп ақпарат алдым. “Мирас” университетіндегі мамандықтар мен оқу мүмкіндіктері қызықтырды. Өз болашағымды нақтырақ елестете бастадым. Университет өкілдерінің түсіндіруі өте мазмұнды болды. Әсіресе дуалды оқыту жүйесі мен тәжірибеден өту мүмкіндіктері жайлы мәліметтер маған қатты ұнады. Қай салаға бет бұғатыным жайында шешім қабылдауыма көмектесті»,- дейді студент Т.Аружан.

   Студенттер мамандықтарды таңдау, университетке қабылдау емтихандары, оқу барысында тәжірибеден өту мүмкіндіктері және болашақ мансапқа әсер ететін факторлар бойынша сұрақтар қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.

Ақпараттық кездесу бітіруші топ студенттері үшін жоғары білім алудың жаңа мүмкіндіктерін ашып, кәсіби бағдарын айқындауда маңызды баспалдақ болды. Осындай шаралар колледж түлектерінің болашаққа сенімді қадам жасауына ықпал етеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жастармен ашық диалог өрбіді
  • Шымкенттің болашақ наубайшылары топ жарды
  • Қызметіне адалдық пен жауапкершілік өмірлік ұстаным
  • Болашақ мамандарды өндірістік ортаға бейімдеу маңызды
  • Адам бейнесін өнерге айналдырған маман
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер