Қошқар ата өзенін абаттандыру жобасы жаңа қарқынмен жүзеге асуда

image.png

Шымкент қаласында экологиялық ахуалды жақсартуға және тұрғындарға жайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыруға бағытталған Қошқар ата өзенін абаттандыру жобасы белсенді түрде іске асып жатыр. Қаланы көгалдандыру мен табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану мәселесін басым бағыт еткен мегаполис әкімдігінің бастамасы бүгінде нақты нәтижесін бере бастады.

Қошқар ата — Шымкенттің тарихи-мәдени ландшафтының өзегі саналатын ерекше табиғи нысан. Сондықтан өзенді қалпына келтіру жобасы тек инфрақұрылымдық жаңарту ғана емес, сонымен қатар экологиялық тепе-теңдікті сақтау мен халыққа қолайлы орта құруды көздейді. Жоба шеңберінде өзеннің жалпы ұзындығы 3,535 шақырымды құрайтын бөлігін қалпына келтіру қарастырылып отыр. Бұл бағытта арнаның құрылымы қайта жасалып, табиғи су ағымын реттеу жұмыстары жүргізілуде. Өзен табаны мен жағалауы қоқыстан тазартылады, жағалауды бекіту арқылы су шайылуының алдын алу көзделген.

Абаттандыру жұмыстары тек экологиялық шаралармен шектелмейді. Өзен бойында заманауи инфрақұрылым қалыптастыру – жобаның негізгі міндеттерінің бірі. Осы мақсатта жаяу жүргіншілер жолы салынып, тұрғындардың қауіпсіз және ыңғайлы қозғалуына жағдай жасалуда. Сонымен бірге, өзен жағалауын толыққанды демалыс аймағына айналдыру үшін 139 орындық орнату, энергия үнемдейтін 360 шам қою жоспарланған. Бұл шамдар түнгі уақытта өзеннің айналасын жарықтандыру арқылы қала келбетін жақсартып, қауіпсіздікті күшейтеді.

Өзеннің екі жағын байланыстыратын 8 жаяу жүргінші көпірі салынуы да жобаның маңызды бөлігі. Қазіргі таңда соның үшеуі салынып бітті және тұрғындардың игілігіне ұсынылды. Сондай-ақ 70 жарық шамы орнатылып, инфрақұрылым біртіндеп толыққанды қалалық кеңістікке айналып келеді.

  Айта кетейік, қала әкімдігінің бастамасымен Қошқар-Ата өзенінің жағалауын бекіту және абаттандыру жобасы қолға алынған болатын. Бұл жобаның басты мақсаты – табиғи нысанды эрозиядан қорғау және қала тұрғындары үшін жайлы, қауіпсіз демалыс кеңістігін қалыптастыру. Жоба аясында жаяу жүргіншілерге арналған жолдар төселіп, жарық шамдары, қоқыс жәшіктері мен орындықтар орнатылады. Сонымен қатар, аумақты көгалдандыру және санитариялық тазалықты сақтау бағытында да нақты шаралар қабылданған. Қала қызметтеріне өзен жағалауындағы жасыл желекті сақтау, қоқысты уақтылы жинау және шығару бойынша нақты тапсырмалар жүктелді. Қошқар-Ата өзені – Шымкент қаласы үшін маңызды экологиялық және рекреациялық аймақ.  Жағалауды абаттандыру жобасы бұл аумақты заманауи демалыс орнына айналдыруға бағытталған. Жаңа серуендеу аймағы тұрғындарға отбасылық демалыс, серуендеу мен белсенді тынығу үшін барлық жағдайды ұсынатын болады. Қала басшылығы тұрғындарды өзен маңындағы тазалықты сақтауға, қоғамдық кеңістіктерге жанашырлықпен қарауға шақырады. Табиғи аумақты қорғау – әрбір шымкенттіктің ортақ жауапкершілігі.

Қошқар Ата өзені — Шымкент қаласының тамыры әрі қала тарихының бастауы болып табылады. Бұл өзен қала ішінде Қошқарата, Қарасу болып екі арнамен ағып өтеді  Қошқар Ата өзені таза суымен және жағалауларында өсіп тұрған ағаштар мен бұталарымен ерекшеленеді. Серуендеуге және белсенді демалыс үшін тамаша орын. Өзен бойында таза ауа мен көркем пейзаждарды тамашалай алатын жаяу жүргіншілер аллеясы орналасқан. Осылайша, Қошқар Ата өзені тек табиғи объект емес, сонымен бірге қала инфрақұрылымының маңызды бөлігі болып табылады, тұрғындардың белсенді демалысын және мәдени байытуын қамтамасыз етеді.

Қошқар ата өзені ерекше мәдени-тарихи маңызға ие, киелі мекен деп танылады. Себебі, өзен жағалауында Қошқар ата кесенесі орналасқан. 2010 жылы жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын аумақ мәртебесін алды. Жалпы Қошқар ата өзенінің ұзындығы 78 шақырымды құрайды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сhocolatine Кazakhstan-2025 байқауында Орталық Азияның үздік кондитерлері анықталды
  • Қызылжар-2 шағынауданы толыққанды инженерлік инфрақұрылымға қосылды
  • Қошқар ата өзенін абаттандыру жобасы жаңа қарқынмен жүзеге асуда
  • Қоғам тірегіне айналған автобус жүргізушісі
  • Еңбек адамы – көрінбейтін еңбек қаһарманы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер