Жағалау ашылды

images (3).jpg

Таяуда қала тұрғындары асыға күткен  Қошқар ата өзені жағалауы ел игілігіне пайдалануға берілді. Шымқаланың символына айналған жағалаудың ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Нұрлан Сауранбаев, облыс, қала мәслихатының депутаттары мен  тұрғындары қатысты. «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей қасиетті Қошқар ата өзенінің бастапқы тазалығын қалпына келтіріп, жағалауын заманға сай жаңғыртқан қала әкімдігі мамандарының жұмысына оң баға беруге болады. Жылдам әрі сапалы жұмыстың арқасында жағалау міне, бүгін тотыдайын түрленіп шыға келді. Мұның барлығы халықтың игілігі үшін. Шымкентте жанға жайлы осындай демалыс орындары көбейе берсін»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.

     Жағалау бүгінде адам танымастай өзгерген. Жоба бойынша онда алдымен өзен жағалауының енінен 10 метр, ұзындығы 1200 метр жер халық қыдырыстайтын демалыс орнына айналған. Бүгінде ұзындығы 1,2 шақырым су арнасы тазаланып,  оң жақ жағалауына толықтай аяқ жол салынып, көгалдандырылып, жарықтандырылған.  «Бұған дейін Қошқарата өзенінің айналасы қоқысқа толы, маңайында орналасқан жергілікті тұрғындар қоқыс қалдықтары мен шайынды суларын өзенге төгетін лас орын болған. Бүгінгідей демалыс орнына айналдыру үшін қыруар шаруа атқарылды. Өзен жағалауын тұрғындардың күнделікті серуендейтін демалыс аймағына айналдырдық»,- деді қала әкімі.

     Жалпы алғанда «Қошқар ата» жобасы аясында жүргізілетін құрылыс жұмыстарына шамамен 1 223 миллион теңге көлемінде қаржы жұмсалған. Алдағы жоспар бойынша жағалауда «Қошқар ата» тұрғын үй кешені бой көтермек. Заманауи үлгіде салынатын тұрғын үй кешенінің құрылысы үш кезең бойынша жүргізіледі. Жоба толығымен жүзеге асқанда 3 976 пәтерлі 61 көп қабатты тұрғын үй ел игілігіне тапсырылатын болады


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер