Қала бюджеті қаралды

03.JPG

Шымкент қаласы әкімдігінің жаңа ғимаратында мәслихаттың кезектен тыс XXXVII сессиясы өтті. Жиынға қатысқан шаһар басшысы  Ғ.Әбдірахымов құрылыс саласында жеке кәсіпкерлігі бар депутаттарды жаңа мектеп жобасына атсалысуға шақырды. Сессияда қаланың 2018-2020 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу жайы қаралды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Г.Құрманбекова баяндама жасап, республикалық бюджеттен қарастырылатын қаражаттың жұмсалу жоспарын таныстырды. «Депутаттық сауалға сәйкес, жергілікті бюджетке де өзгерістер енгізіліп, қаражаттың негізгі бөлігі облыс меншігінен қабылданған 99 мекемені ұстауға, әлеуметтік маңызы бар автобус бағыттарын субсидиялауға, жаңадан ашылған «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқармасын қалыптастыруға, қала ішіндегі жолдар мен жылу жүйесінің ағымдағы жөндеуіне, сондай-ақ, қала шетіндегі шағынаудан көшелеріне тас төсеуге қаралып отыр», – деді Гүлжан Мамытқызы.
Қала мәслихатының депутаттары аталған өзгерістерді бір ауыздан қолдады.
Сессия барысында қайта құрылған қалалық ішкі істер басқармасын қаржыландыруға қосымша 215 млн теңге қаржы бөлу мақұлданды. Бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласының мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 10 жоба іске асуы тиіс болған-ды. Депутаттар Шымкент шаһарының жаңа мәртебе алуына байланысты бұл жобаларды қалаға енгізу туралы шешім қабылдады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер