Қала қызғалдақпен көмкерілген күн

Screenshot_2.jpg

Шымкент десе көз алдымызға қып-қызыл жайқалған қызғалдақтар елестейді. Қызғалдақтың отаны саналатын шаһар тұрғындары осы бір гүлді ерекше құрметтейді. Жақында үшінші мегаполистің символына айналған қызғалдаққа арналған фестиваль өтті.  «Қызғалдақ жолы» халықаралық фестивалінде арбат демалыс аймағы қызғалдақпен көмкеріліп, көпшілік серуеніне ұласты.

Фестиваль аясында флористер дайындаған шоқгүлдер Арбаттың көркін ашып, фотокөрме, балғындардың қылқаламынан туындаған суреттер галлереясы ұйымдастырылды. Арбат жолымен саудагерлер мен қолөнершілердің ежелгі керуені жүріп өтті.

Салтанатты іс-шараны ашып берген Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов мегаполис тұрғындары мен қонақтарын құттықтады.

– Қызғалдақ фестивалі қаламызда халықаралық деңгейде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Қызғалдақтың отаны – еліміздің Оңтүстігі екенін мақтаныш етеміз. Сондықтан, осынау әсем гүлді брендімізге айналдырып, бүкіл әлем қызғалдақ гүлі арқылы Шымқаланы танып-білсе деген мақсатпен фестивальді ұйымдастырдық, - деді қала әкімі.

Фестиваль аясында шеберлер қалашығы ұйымдастырылды. Онда балалар өздері қызығып жүрген өрт сөндіруші, полиция, дәрігерлер секілді маман иелерімен жүздесіп, жұмыстарымен танысты.

Бағдарлама бойынша флористер байқауы өтіп, шымкенттік 5 гүл безендіруші қызғалдақтан гүлдесте дайындады. 

Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің дизайнерлері мен отандық сәнгерлердің дефилесі ұйымдастырылды. Көрермен назарына Өзбекстандық белгілі дизайнер Мархамат Омарова, «Turan collection» балалар коллекциясының авторы Дина  Елімбекова, Санам Юнусованың «Шаркона» авторлық жұмыстары ұсынылды.

Айта кетейік, бұл күні Арбатқа 10 мыңнан астам көрермен жиналды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер