Мегаполистің көпбалалы аналары мен аз ақмтылған отбасылар басшылықтың назарынан тыс қалып жатқан жоқ. Олардың әлеуметтік жағдайын көтеру мақстаныда бүгінде көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Осы орайда Шымкентте көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмекке 12 мың адам қол жеткізді.
Ал мамыр айының 15-іне дейін құжат тапсырған отбасылардың тағы 9 мыңға жуығы көмек алады. Мемлекеттің қаржылай қолдауына ие болған бірқатар аналар өз кәсіптерін ашуды қолға алған.
Жалпы бұл бағдарлама бойынша сәуір айынан бастап 21 мың тұрғыннан өтініш қабылданған. 39 мыңнан астам халыққа әлеуметтік көмекті алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Айта кетейік, қалада бүгінгі таңда көпбалалы аналар саны 31 мыңнан асады. 3200 отбасының күнкөріс деңгейі төмен. Ал мүмкіндігі шектеулі жандар саны 36 мыңға жуықтайды. Әлеуметтік көмек алатын азаматтарға қаланың 4 ауданынан құжат рәсімдейтін «Аналар орталығы» да ашылған болатын. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін жалғасады.