Аладдин қазақша «сөйледі»

Screenshot_15.jpg

Шымкентте еліміздің үлкен экрандарында қазақша дубляждалған «Аладдин» фильмінің көрсетілімі басталды.

Бұл Елбасының «болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының  «Өзгерістерді өзіңнен баста» атты ішкі жобасы аясында дубляждалған 29-фильм. Режиссёр Гай Ричидің жаңа туындысын шымкенттік көрерменмен бірге қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та тамашалады. «Бүгін қуанышты күн. Кинофильмдердің қазақ тілінде шығуы маңызды. Осы туындыны көрерменге ана тілімізде жеткізуге атсалысқан әрбір жанға алғыс білдіремін. Туынды көпшілікке ұнайтыны сөзсіз. Осындай шығармалардан жастарымыз үлгі-өнеге алып өседі деп айта аламын», – деді қала әкімі.

Көрсетілімде Аладдинді дауыстаған Астана жастар театрының әртісі Айсұлтан Жалиев те болды. Бұл жас өнер иесінің дебюті. Қазақша дубляждың режиссері – Шах-Мұрат Ордабаев, аудармашысы – Әсел Мамырова, басты рөлдерді Айсұлтан Жәлиев (Аладдин), Шехназа Қызыханова (Жасмин), Дәурен Серғазин (Жын), Нұрлан Әлімжанов (Джафар) сияқты актерлар дыбыстады. Ал фильмдегі Жасминнің әнін Динара Сұлтан орындады.

«Болашақ» корпоратив қорының өкілі Алуа Барманқұлованың айтуынша, “Өзіңнен баста” жобасының арқасында Қазақстанның 100-ден астам актерының дауысы Walt Disney Pictures қорына тіркелген. Қазақ тілі Walt Disney Pictures компаниясының жалпы дубляж қорындағы түріктен кейінгі екінші түркі тілі болып отыр.

Отбасылық көрсетілімнен шымкенттік көрермен ерекше әсер алып, көтеріңкі-көңіл күймен тарқасты. Ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар да ұсынылды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер