Жаңа автобустар қай бағытқа қатынайды?

Screenshot_16.jpg

Шымкенттің шекарасы кеңейіп, аумағының үлкеюі бірқатар мәселелерді шешуді талап етуде. Соның бірі қоғамдық көлік мәселесі. Автобус жетіспеушілігін жою мақсатында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мамыр айында жаңа автобустар әкелінеді деп айтқан болатын.  «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы Рашид Аюповтың айтуынша, қалаға мамыр айының соңында жеткізілетін жаңа автобустарды қабылдау және бағыттар құруға дайындық жүріп жүруде.

Біз №14 және 44 бағыттардың қаладағы жүктемесі ең көп бағыттар екенін анықтадық. Жаңа автобустардың осы бағыттарда қызмет көрсетуін талқылаудамыз. Сондай-ақ, орталықтан алыс орналасқан Тұран, Асар, Колос шағынаудандарын автобустармен қамтамасыз ету жоспарда бар, - деп жазды Р.Аюпов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Тағы бір жаңалық - Шымкентте жаңа үлгідегі автобус паркі салынуда. « Қазір біз жаңа автобус паркін салудамыз. Онда сервистік орталық, диспетчерлік қызмет, ЖҚС, қызметкерлерге арналған асхана мен жатақхана орналасады», - деді Р.Аюпов. Автопарк Қапал батыр көшесінде орналасқан.

«Шымкент» ӘКК төрағасының пікірінше, қала әкімі Ғ.Әбдірахымовтың тапсырмасына сәйкес, қазіргі таңда қала әкімдігі тарапынан қоғамдық көлік қызметінің сапасына ерекше мән берілуде. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер