Шам жарығындағы экскурсия

Screenshot_19.jpg 

Халықаралық музей күнін шымкенттіктер ерекше атап өтті.  «Музей түні» акциясы барысында қала тұрғындары мен қонақтары тарихи-өлкетану мұражайын шаммен аралады. Қатысушылар  танымдық викториналар мен экспозиция залдарын тегін тамашалап, керемет әсер алды. Мұндай экскурсия  биыл сегізінші рет ұйымдастырылып отыр. 

Мәдени шараны белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметов ашып беріп, кешкі шаралар легі ОҚМПУ «Өнер және дизайн» факультеті студенттерінің «Ақбаян» сән театры ұсынған дефилемен басталды. Заманауи қазақи нақыштағы «Ұлы Дала айшықтары» және «Eko-Deluxe» киім топтамалары көпшілік назарына ұсынылды.

Акция жастардың домбыра party басқосуына ұласты. Музейге жиналған жастар бұрын қалалық саябақтарда домбыра тартып, жұртты таңғалдырып жүрген-ді. Бұл жолғы іс-шараға өнер адамдары, домбырашылар, домбыраны жаңа үйреніп жүрген жастар да қосылды. Кеш бойы күмбірлеген қазақ күйлері орындалды.

Сонымен қоса өңір тарихын зерттеу мен музей ісін дамытуға еңбек сіңірген музей қызметкерлері марапатталды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алтынтөбе тұрғын алабын газбен қамтамасыз ету жобасы аяқталуға жақын
  • Қазақстан экономикасының өсуі: Cаннан – сапаға қарай
  • В Шымкенте прошла республиканская акция «Народный юрист»
  • Қазақстан мен әлемнің жетекші университеттері стратегиялық серіктестікті нығайтуда
  • Қазақстанның білім беру кеңістігі жаһандық деңгейге қадам басуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер